Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » БИЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ШАРТТАРЫНДА ӨЗГЕРІСТЕР БАР

БИЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ШАРТТАРЫНДА ӨЗГЕРІСТЕР БАР

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар сәуір-мамыр айларында өткізіліп 468 адам өтінім өткізіп, 56 кәсіпкер қолдау тапқан.
Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі 2022 жылдың өткізілген кезеңде жалпы 143 кәсіпкерден өтінім түсіп, 10 жоба қолдауға ие болды.
Ал биыл мемлекеттік грантты өткізу мерзімі мамыр айына жоспарлануда. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде “Kezekte.kz” сайты арқылы қабылданады. Былтырғыдан қарағанда биылғы шартта өзгерістер бар. Мұқият қарап, құжаттарды соған сәйкес дайындау қажет.
Өтінім pdf форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін тіркейді:
1) жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);
2) 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;
3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;
4) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).
Сонымен қатар жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан аспауы тиіс.

Пікір жазу