Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КӘСІПОДАҚ АКТИВТЕРІМЕН ОНЛАЙН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

КӘСІПОДАҚ АКТИВТЕРІМЕН ОНЛАЙН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бүгін, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Оқу орталығы Шымкент қаласының кәсіподақ кадрлары мен мүшелік ұйымдарының активтері үшін білім беру марафоны шеңберінде онлайн оқыту өткізді.
Оқыту семинары «Еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын талдау» және «Өндірістік жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу» тақырыбында өтті.
Семинарды Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев ашып, алғы сөзді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі Марат Имашқа берді.
Марат Мерекеұлы өз баяндамасында өндірістік процестер мен техникалық құрылғыларға қойылатын қауіпсіздік талаптарына және еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесінің күшті және әлсіз жақтарына талдау жасай отырып, қазіргі мемлекеттік инспекторлардың қызметі мен еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесіне кеңінен тоқталып қатысушыларға қажетті толық ақпараттар беріп өтті.
Сондай-ақ, семинар барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Әлеуметтік-экономикалық талдау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің меңгерушісі Хансеит Бөленнің қатысушыларға «Өндірістік жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу» тақырыбында баяндамасы тыңдалып, қатысушылар назарына еліміздегі соңғы 5 жылдағы өндірістік жарақаттану динамикасы таныстырылды.
Семинар соңында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова кәсіподақ мүшелерін кәсіби біліктілігін, құқықтық сауаттылығын арттыруға шақырып, семинарға қатысушыларға өз ризашылығын білдірді.

Пікір жазу