2023 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы 100% балалар ойын алаңшасымен қамтылады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үйлер 543 аулаға біріктірілген. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып тұрғындар игілігіне берілді. Ал, 2023 жылы 39 балалар ойын алаңшасы орнатылып, аудан аумағы 100% қамтылатын болады. 2024 жылдан бастап бұрынғы 7-8 жыл қолданыста болған және ескірген 101 аулаларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, элементтерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, 2023 жылы “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Шымкент қаласы Тұран ауданында 10 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта Тұран ауданында барлығы 296 балалар ойын алаңшасы бар. Ал, биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 10 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған.
Атап айтар болсақ;
- Бәйдібек би даңғылы №246;
- Отырар шағын ауданы №52;
- Құрсай шағын ауданы;
- Құрсай шағын ауданы;
- Ақжар шағын ауданы;
- Ақтас шағын ауданы;
- Арғымақ шағын ауданы;
- Қазығұрт шағын ауданы;
- №112 орам;
- Жарқынбеков көшесі №17 Қазіргі уақытта Тұран ауданында 92 ашық спорт алаңшасы бар.
Сонымен қатар, аудан аумағында жаңадан 4 ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
- Отырар шағын ауданы №15/1;
- Отырар шағын ауданы №41;
- Отырар шағын ауданы №55; 4. Орманов көшесі №40/42.
Айта кетейік, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, ІІ-кезеңмен 9 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 3 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына құжаттар әзірленуде.