2023 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша 20 көшеге кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалау сметалық құжат әзірленіп жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев брифинг барысында айтты. Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 92,5% құрайды. 2022 жылы Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан Шолохов, Хлопзавод көшелерін кәріз жүйесімен қамту жұмыстары толығымен аяқталып қолданысқа берілді. 2023 жылы «Химфарм» шағын ауданына кәріз жүйесін жүргізу бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілген, бүгінде 20 көшеге кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалау сметалық құжат әзірленіп жатыр.
Сонымен қатар, 2024 жылдың жоспарында «Сәуле», «Ақтас-2», «Көркем», «Береке» шағын ауданына кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжат энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан әзірлену жоспарлануда. Одан бөлек, қазіргі таңда «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан құрылысы 2023 жыл қорытындысымен аяқталатын болады. Сонымен қатар, Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталған, ағымдағы жылы меншік иелері тарапынан пәтерлерді мамыр айынан бастап абоненттеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99% құрайды. 2022 жылы «Ақтас-2» елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мердігер мекеме 195-орамынында «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 276-орамынында мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталу жоспарлануда.