Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Бүгін Шымкенттің бірқатар көшелерінде жарық сөндіріледі

Бүгін Шымкенттің бірқатар көшелерінде жарық сөндіріледі

Бүгін Шымкент қаласындағы бірқатар көшелерде электр қуаты уақытша сөндіріледі, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Шымкент қаласы Энергетика басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Басқарма мәліметінше, 6 сәуір күні сағат 10:00-18:00 аралығында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан техникалық жұмыстар жүргізіледі. Атап айтатын болсақ, Абай ауданына қарасты Самал-2 шағын ауданы, Хайруллин, Сүлейменов, Тайманов, Серікбаев, Абсейтов көшелерінде (ВЛИ-0,38 кВ ГКТП-18) техникалық жұмыстар жүргізіледі. Гагарин, Ломоносов, Театральная, Водопьянова көшелерінде (ВЛ-0,4кВ ТП-593 РУ-0,4 кВ) абоненттерді СИП-ке қосу жұмыстары жүргізіледі.

Ал, Әл-Фараби ауданында Желтоқсан, Шаймерденов көшелерінде электр энергиясы уақытша сөндірілетін болады. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан (РП-25 РУ-0,4 кВ) техникалық жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, Нұрсат шағынауданында 41-73 коттедждерде, 25-31 үйлерде ТП-3 Нұрсат РУ-10кВ техникалық жұмыстар жүргізіледі. Еңбекші ауданы Солтүстік Шығыс шағынауданындағы Үш өзен, Тараз көшелерінде электр энергиясы уақытша сөндірілетін болады. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан (ГКТП-3,8,11) РУ-0,4кВ және трансформаторда техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, Тұран ауданы бойынша. Асар шағын ауданы Жаңақұрылыс көшелерінде электр энергиясы уақытша сөндірілетін болады. «Оңтүстік Жарық Транзит»ЖШС тарапынан ГКТП-50 РУ-0,4кВ және трансформаторда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Одан бөлек, Тассай шағынауданындағы Есалиев, Шойынбаев, Пернебек, Абдразақов көшелері мен Солтүстік-Батыс шағынауданындағы Әлімтау, Тарақтас, Бектау, Талас, Төлендіұлы көшелерінде (ГКТП-9,10 РУ-10/0,4кВ) техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Пікір жазу