Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент әкімдігі мен “QazaqGaz» ұлттық компаниясы” арасында меморандум түзілді

Шымкент әкімдігі мен “QazaqGaz» ұлттық компаниясы” арасында меморандум түзілді

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі мен «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында газ және газ мотор отыны саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды didarbek.kz.

Басқосуға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов және ұлттық компанияның басқарма төрағасының орынбасары Акбар Төлегенов және өзге де жауаптылар қатысты. Алдағы уақытта меморандум негізінде компания бөлінген жер учаскелеріне автомобильдік газ толтыруға арналған 3 компрессорлық станциялар салуды жоспарлап отыр. Бүгінде қалада қоғамдық көліктер сұйытылған газбен жүреді. Алдағы уақытта барлық коммуналдық техниканы сұйытылған газға көшіру жоспарлануда. «QazaqGaz» ұлттық компаниясы салатын станциялар осы техникалардың барлығын сұйытылған газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында сұйытылған газ тапшылығын болдырмау бойынша жедел шаралар қабылданып жатыр. Қалада сұйытылған газ саудасымен 224 станциясы бар 29 компания айналысады. Бүгінде соның ішінде 8 компанияға қарасты 76 станцияда газ бар және тұтынушыларға еркін сатылып жатыр. Ресми мәліметке сүйенсек, тапшылықтың туындауына Шымкент қаласында газбен жұмыс істейтін көліктердің көбеюі себеп болған. 2022 жылдың сәуір айында Шымкентте осындай көліктердің саны 47 мыңды құраған еді. 2023 жылдың ақпан айында сұйытылған газбен қозғалатын көліктердің саны 51 300-ге жеткен. Ал, Шымкент қаласына бөлінген квота айына 6 500 тонна күйінде қалып отыр. Осыған орай, Шымкент қаласының әкімдігі Энергетика министрлігіне қосымша 1 мың тонна сұйытылған газ бөлу туралы өтінім жолдаған. Әзірге 360 тонна қосымша сұйытылған газ бөлініп, ол Павлодар зауытынан шығып, Шымкентке қарай тасымалдануда. С

онымен қатар, Шымкент мұнай өңдеу зауыты 15 сәуірге дейін жөндеуге тоқтатылған еді. Елдегі жағдайға байланысты бұл зауыт 8 сәуірде мерзімінен бұрын іске қосылып, 9 сәуірден бастап өз өнімдерін нарыққа шығара бастады.

Пікір жазу