Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің бастамасымен қаламызда алғашқы рет Қазақстан корейлері қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің кезектен тыс XVI съезі өтті. Съезд «Ramada By Wyndham Shymkent – Шымкент» қонақ үйінде «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің III Пленумынан бастау алып, соңында «Достық үйі» ғимаратында мерекелік концертпен ұласты.
Мерекелік іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысылығы, қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан өңірлерінен келген корей этникалық қауымдастығының өкілдері, қалалық корей этномәдени бірлестігінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, қалалық «Арофат» мектеп-гимназиясының ұжымы, қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов құттықтау сөзге шығып, Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің қызметін, азаматтық қоғамдастықтың қаламыздың тыныс-тіршілігіне қосып жатқан үлесі жайында айтып өтті.
Сонымен қатар, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак пен «Қазақстан корейлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Ю.Шин Қазақстанға күштеп қоныс аударуының 85 жыл бұрын зұлмат жылдары көрген қиыншылықтар туралы мұрағат құжаттарында баяндалған тарихи деректер жөнінде айтып, корей этноқауымдастығы өкілдерінің Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлестері жөнінде ойларын жеткізді.
Жиынға қатысушыларға корей этномәдени бірлестігі жанындағы шығармашылық ұжымдар әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылды.