Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ «КАЗПОЧТА» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «КАЗПОЧТА» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов «Казпочта» ұжымымен кездесті. «Казпочта» акционерлік қоғамы — жергілікті салалық кәсіподақтар ұйымына кіреді.
Жиында қатысушыларға кәсіподақтың рөлі мен мақсаты түсіндіріліп, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік мемлекетке 15 қадамды қамтитын тұғырнаманың негізгі басымдықтары және еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі және оған енгізілген өзгерістер, маңыздылығы туралы пайдалы кеңестер берілді.
Басқосуда АКБ төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайлы айтып, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және құқықтық көмек көрсету жайлы мағлұмат берді.
Өз кезегінде сөз алған Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Бауыржан Қалжанов еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістерге тоқталып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өндірістік жарақаттану, өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу, еңбекке қауіпті жағдайлардың алдын-алу жолдарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Қатысушылар көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, баяндамашылармен пікір алмасып, қызмет барысында туындайтын көптеген өзекті сұрақтарына жауаптар алды.
Айта кетейік, бүгінде «Казпочта» мекемесінде 220 адам жұмыс жасайды. Барлығы 100% кәсіподақ мүшелігінде.

Пікір жазу