Шымкент қаласына келуші туристердің саны жыл санап артып келеді. 2022 жылдың 12 айында қалаға келушілер саны 448 797 адамды құрап отыр.
Ішкі туризм бойынша келушілер саны 412 268 адам, өткен жылмен салыстырғанда 136,2%-ға артып отыр. Ал, кіру туризмі бойынша келушілер саны 36 529 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайған.
Бүгінде Республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 3 -орында тұр.
Оның ішінде:
— резиденттер (ҚР азаматтары) бойынша 4- орын;
-резиденттер еместер (шет ел азаматтары) бойынша 4- орында.
Бүгінгі күні Шымкент қаласында 142 орналастыру орны, 9 саябақ, 7 мұражай, 25 әлеуметтік-мәдени нысан, 5 театр, 12 сакралды нысан, 11 сауда, ойын-сауық орталығы,5 діни нысан, 18 аквапарк және 4 табиғи су көзі орналасқан. Аталған нысандардың барлығы дерлік қалаға келетін туристерге қызмет көрсетеді.
Кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша қалаға келетін қонақтарға арналған креативті тақырыптық маршруттар дайындалып, арнайы буклеттер жасалды.
Наурыз айында «Шымкент қаласы креативті индустрия ассоциациясымен» бірлесе Нью-Йорк, Милан, Париж секілді ірі сән апталықтарының негізін қалаушылар бастаған 30 шетелдік дизайнерлердің қатысуымен «Responsible Fashion Series» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар «ShymQala» тарихи-мәдени кешенімен танысып, ұлттық киімдердің сән көрсетілімін тамашалады және ұлттық тағамдар дайындаудың шеберлік-сағаттарына қатысты.
Бұдан бөлек, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және «Jusan» банкінің бірлескен бастамасы аясында Шымкент қаласында «Креативті art» жобасы бастау алуда. Жобаға сәйкес, қаланың орталық көшелерінің біріндегі көпқабатты ғимаратта «Этно стильдегі мурал» салынатын болады. Бүгінгі таңда муралды салу үшін орын таңдалып қалалық сәулет басқармасымен келісілуде.
Креативті индустрия саласында тәжірибе алмасып, халықаралық эксперттерді тарту мақсатында тамыз айында «Креативті апталық» өткізу жоспарлануда.