Қаламыздағы туристік орындардың инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесе Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағын абаттандыру бойынша жыл сайынғы түгендеу жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар қала аумағындағы барлық туристік нысандарған да жүргізіледі.
Аталған жоба мен анықталған кемшіліктерге сәйкес, кесенелердің, саябақтардың, турситік нысандардың аумағында туристерге қолайлы жағдай жасау, атап айтқанда кіре беріс көлік тұрағы мен дәрет алу орындарын ретке келтіру, жан-жағын көгалдандыру, бастырмасы бар орындықтар қою бойынша ұсыныстар тиісті басқармаларға жолданды.
Аталған жұмыстар жыл сайын 4 – 6 рет ұйымдастырылады.
2023 жылы наурыз айында «Наурыз Шымкенттен басталы» шарасы аясында «Damdastour» ресторандар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңкеге қаланың 40-қа жуық тамақтану орындары қатысып, 6 номинация бойынша бақ сынады.
Атап айтқанда; «Үздік Наурыз көже», «Үздік палау», «Үздік кәуап», «Үздік самса», «Үздік фаст-фуд», «Үздік десерт». Нәтижесінде жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы іс-шараға 30 мыңға жуық адам қатысты.
Өткен жылдың қазан айында бастау алған «Менің гүлді аулам» байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Байқауға жалпы қала бойынша 100-ге жуық көпқабатты үй өтінім тастап, арнайы құрылған комиссия мүшелері әр ауланы аралап, тұрғындармен кездесіп, критерийлерге сәйкес бағасын берді. Ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін жеңімпаздарды марапаттау шарасы қалалық фестиваль форматында ұйымдастырылатын болады.
Сонымен қатар, қаланың туристік мүмкіндіктерін жарнамалау мақсатында өңірдің туристік нысандары мен гастрономиясы туралы интерактивті альбом дайындалуда. Альбомға туристердің арасында танымал 20 нысан мен ұлттық тағамдар туралы 3 тілде ақпарат берілетін болады.