Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА 3 ЖЫЛДЫҚ КЕШЕНДІ ЖОСПАР ӘЗІРЛЕНДІ

ШЫМКЕНТТЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА 3 ЖЫЛДЫҚ КЕШЕНДІ ЖОСПАР ӘЗІРЛЕНДІ

Бүгінде Шымкент қаласында креативті экономиканың әлеуетті 3 бағыты анықталып отыр, олар: сән, IT және кинематография. Бұл салаларда қала көлемінде 639 кәсіпкер тұтынушыларға өз қызметін ұсынады.
Өңірде креативті индустрияны дамыту мақсатында бөлім тарапынан сала бойынша 2023-2025 жылдарға арналған 3 жылдық кешенді жоспар әзірленді. Жоспарға сәйкес, саланы мемлекеттік қолдау, ішкі және халықаралық нарықта креативті өнімдерді ілгерілету, қоғамдық креативті кеңістіктер құру, креативті шаралар өткізу қарастырылған.
Осы ретте, Шымкент қаласында креативті хаб құру мақсатында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның өкілдерін арнайы шақыру арқылы креативті хабқа арналған орынмен таныстыру жұмыстары жүргізіліп, хабтың функциясы белгіленді. Бүгінде аталған орталықта «Sifro» компаниясы, «Диспетчерлік орталық», «Төлем» қоғамдық көліктерде төлем жасау жүйесі, интерьерлік компания шоғырланған.
Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе сала кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, креативті индустрияның өзекті мәселелері мен ұсыныстар тыңдалды. Нәтижесінде «Шымкент қаласының дизайнерлер ассоциациясы» «Шымкент қаласы креативті индустрия ассоциациясы» болып қайта құрылымдалды және «Ташенов университетінің» базасында «Креативті бизнес-инкубатор» құрылды.
2023 жылдың басынан бері Сыртқы байланыстар бөлімімен қала әкімі және қала әкімінің орынбасары деңгейінде шетел өкілдерімен әкімдік ғимаратында 16 кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қалада инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізілді және елшілердің сыпайылық кездесулері ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ҚХР-ның Сиань, Грузияның Кутаиси және Италияның Генуя қалаларымен бауырластық қатынас орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Өз кезегінде, қазіргі уақытта, Шымкент қаласы 8 мемлекеттің 10 қаласымен бауырлас қала ынтымақтастығына ие. Атап айтқанда; Худжанд, Могилев, Байинь, Стивенэйдж, Измир, Паттайя, Ахарнон, Гросетто, Эскишехир, Адана.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Шымкент қаласымен бауырлас қалалардың басын қосу арқылы, бауырлас қалаларда қала экономикасын дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мәдени құндылықтарды арттыру бағытында тәжірибе алмасу, бауырластық қарым қатынасты одан ары нығайту үшін дипломатиялық корпусқа арналған форум ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Пікір жазу