Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ӘКІМ ИНВЕСТОРЛАРҒА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДАН ЖЕР ҚАРАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ШЫМКЕНТ: ӘКІМ ИНВЕСТОРЛАРҒА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДАН ЖЕР ҚАРАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында 11 жоба қаралды, деп хабарлайды didarbek.kz. Отырыс барысында инвесторлар құрылыс, ауылшаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жобаларын таныстырды. Басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысқан басқосуда инвестициялардың орындалу барысы пысықталып, жаңа жобаларды іске асыруда өзекті мәселелер талқыланды. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инвесторларға индустриалды аймақтардан қажетті жер телімдерін қарастырып, жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, Шымкентте тәулігіне 5 тонна кондитерлік өнім өндіретін зауыттың қазығы қағылмақ. Жоба жүзеге асқан жағдайда 200 азамат жұмыспен қамтылады. Бұдан бөлек, 260 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін, жылына 24,8 миллион жұп шұлық өндіретін зауыт құрылысы басталуы ықтимал. Сондай-ақ, «Турсуметова Г.А» ЖШС басшысы Гульноз Абдукахарқызы «Бозарық» агро-индустриалды аймағынан ет, жеміс-жидек, көкөніс жартылай дайын өнім консервілері өндірісін ашуды көздейді. 1,1 млрд теңгені құрайтын инвест жобаның қуаттылығы жылына 15 147,5 тонн өнім болмақ. 2023-2024 жылы жүзеге асырылатын жоба нәтижесінде 135 адам жұмыспен қамтылады.

Ал, «RailNTEX» ЖШС барысы Таир Битенбаев «Оңтүстік» индустриалды аймағынан 5 га жерге өндірістік зауыт салуға ниетті. Инвестициялық салымы – 4,7 миллиард тенгені құрайтын тоқыма және тігін өнімдерін шығаратын өндіріс ошағы бой көтергенде жылына 12 миллион метр өнім өндірілетінін алға тартып, 100 адам жұмыспен қамтылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, жекеменшік мектеп, жылыжайлар және басқа да өндіріс орындарын ашу жөніндегі бірқатар жобалар ұсынылды. Аталған жобалар жүзеге асқанда қала экономикасына 34,4 миллиард теңге инвестиция тартылып, 1200-ден аса азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Пікір жазу