Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», деп атап өткен болатын.
Осы орайда, бүгін Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Абай ауданы әкімінің орынбасары Асылбекова Гүлнұр Нұрбекқызы аудан жастарымен еркін форматта ашық сұхбат құрды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Мақсаты – Мемлекет басшысының Жодауын жастар арасында кеңінен насихаттау, билік пен белсенді жастар арасында тығыз байланыс орната отырып, емін-еркін пікір алмасу.
Кездесуде Гүлнұр Нұрбекқызы өзінің қызмет саласында атқарып жүрген жұмысына тоқталып, жастар саясатын жүзеге асырудағы біршама жоспарларымен бөлісті.
-Елдігіміздің еңселі, болашағымыздың баянды болуы – сіздердің қолдарыңызда! Сондықтан, сіздерді халыққа, қоғамға қызмет етуге, қай салада да Отанымыздың абыройын арттыруға үлес қосуға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық, оқуда озат, еңбекте табысты болуды тілеймін!, — деді аудан әкімінің орынбасары Гүлнұр Нұрбекқызы.
Жиында белсенді жастар өнерлерімен де бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Жастарды жұмыспен қамту – аймақтағы өзекті мәселелердің бірі. Абай ауданында жастармен жұмыс жүргізу  Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында “Жастар практикасы” бағдарламасын насихаттау бағытында арнайы видео әзірленді.
Айсұлу Мәлік — жұмысқа орналасу үшін Тұран ауданының жұмыспен қамту орталығына жүгініп, нәтижесінде “Бақытты жанұя” орталығына Жастар практикасымен жұмысқа орналасқан. Бүгінде Айсұлу логопед-дефектолог қызметін атқарып, әріптестері ортасында белсенді жұмыс жасап, тәжірибе жинақтауда.
Айта кетейік, “Жастар практикасы” уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 35 жастан аспаған “жұмыссыз” мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.

Пікір жазу