Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Әл Фараби ауданы тұрғындарымен есептік кездесуінде айтылды. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен биылғы жоспардың орындалу барысы баяндалды.
М.Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес жыл басында
қала аумағындағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасалған болатын. Талдау нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 20 магистраль көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды. Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер.
Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Бұл көрсеткішті 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:
1. Д.Қонаев даңғылы
2. №1 автомобиль жолы
3. Қазыбек би көшесі
4. Желтоқсан көшесі
5. Назарбеков көшесі
6. Аймауытов көшесі
7. Көшеров көшесі
8. Тыныбаев көшесі
9. Қабанбай батыр көшесі
10. Анаров көшесі
11. Жансүгіров көшесі
12. Абай даңғылы
13. Исмайлов көшесі
14. Алпысбаев көшесі
15. Еділбаев көшесі (Ақжайық ш/а)
16. Пазиков көшесі (Шапағат ш/а)
17. Орынбаев көшесі
[18. Шанин көшесі
19. Байтіленов көшесі
20. Үркімбаев көшесі