Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте жұмыссыздық деңгейі төмендейді

Шымкентте жұмыссыздық деңгейі төмендейді

Шымкент қаласында 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасын іске асыру арқылы жұмыссыздық деңгейі төмендейді, деп хабарлайды didarbek.kz.

Бүгінде статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың қорытындысымен қаламызда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 448,5 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. Тұрғындардың жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың табысын арттырудың бірден бір жолы ол «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасының іске асырылуы және жаңадан құрылған жұмыс орындарына азаматтардың жұмысқа жолдануы. Бұл бағыт бойынша 2022 жылы 57,2 мың азаматты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыруды жоспарланған болатын. Оның ішінде 33500 адам 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы бойынша, 23,7 мың адам қалада іске асырылып отырған ұлттық жобалар және жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Өркендеген қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Жолдау аясында жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін жылдық 2,5% жеңілдетілген шағын несиелендірудің жеке тетігі іске қосылатындығын айтты. Осы ретте, Шымкент қаласы бойынша 261 жасқа 2,5%-бен жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланып, оған республикалық бюджеттен 1,3 миллиард теңге қаржы бөлінді. Шағын несие өндірісті дамытуға және өнім шығаруға арналған кәсіпкерлік бағытына 5 жылға, ауыл шаруашылығы саласына 7 жылға 5,0 миллион теңгеге дейін берілетін болады. Сенімді өкіл (агент) ретінде «Агронесие корпорациясы» АҚ белгіленіп, 2023 жылдың 17 наурызында «Агронесие корпорациясы» АҚ-ы және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арасында тапсырма шарт түзілді.

Пікір жазу