Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжі жастары арасында «Мазасыздық деңгейін диагностикалау» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды didarbek.kz.
Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында кездесетін психологиялық теріс түрлі мінез-құлықтардың алдын алу. Тренинг барысында жастар арасында кездесетін психологиялық мінез-құлықтар мен мазасыздықтар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түрлі ойындар ойнатылды. Айта кетейік, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен «Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы» мүшелерінің ұйымдастыруымен М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Жастарды өмірлік дағыларға бейімдеу» тақырыбында психолог мамандардың қатысуымен кездесу өтті. Аталған кездесудің мақсаты – қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық жағдай жасау және дұрыс бағыт бағдар беру. Кездесу барысында психолог мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қыз баласының қоғамдағы орнына тоқталды.
Сондай-ақ, өмірлік дағдыларға бейімдеу, психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында әңгімеледі. Жиын соңында психологтар жастармен кері байланыс орнатып, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды техникалық колледжінде «Өмір — сен маған қымбатсың» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталған шара жастар мен жасөспірімдер арасында күйзелістік жағдайлардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Орталық психологымен өткен кездесуде жастарға аутодеструктивті іс-әрекет, құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сергіту сәтіне арналған бірнеше жаттығулар ойнатылды.