Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «АҚ ОРДАСЫ КОРПОРАЦИЯСЫ» ЕҢБЕККЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«АҚ ОРДАСЫ КОРПОРАЦИЯСЫ» ЕҢБЕККЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шырайлы Шымкентте еңбек ұжымдарымен кездесу қарқынды жүргізілуде. Осындай жарқын жүздесудің бірі — «Ақ ордасы корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымында өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
«Ақ ордасы корпорациясы» – өзінің девелоперлік нысандарын жүзеге асырумен қатар мемлекеттік тапсырыстар шеңберінде сәтті жұмыс жасап отырған көпсалалы, Шымкенттегі жетекші құрылыс компаниясы. Корпорациясы ірі тұрғын үй алаптары мен әртүрлі мақсаттағы салу мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыра отырып, бүгінде оңтүстік өңірін дамытуға белсенді атсалысуда.
Кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төраға орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов қатысты. Семинарда қатысушыларға еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде түрлі мағлұматтар берілді.
Жиында Жарқынбек Айдарбекұлы өңірлік Кәсіподақтар орталығы еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, биыл Кәсіподақтар Федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді. Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ел болашағына кері әсер ететіні анық. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе.

Пікір жазу