Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕДЕ ШЫМКЕНТ ТУРИЗМІНІҢ ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕДЕ ШЫМКЕНТ ТУРИЗМІНІҢ ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Астана қаласында қаласында 18 мамырда Qazaqstan Live Fest 2023 халықаралық көрмесі басталды. Бұл көрме Қазақстанның әр өңіріндегі туризм саласының қалай дамып келе жатқанын көрсетеді. Туристік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан Шымкент қаласынан көрмеде Visit Shymkent туристік ақпараттық орталығы, Amanat дизайнерлік киімдер бренді, Dora, Graf қонақ үйлері және «OCA travel», ShymTour туристік-компаниялары шаһардың әлеуетін таныстырды.
Көрме аясында туризм және қонақжайлылық мәселелеріне байланысты екі негізгі блоктан тұратын Travelhub Kazakhstan конференциясы өтті. Бұл іс-шара Шымкент қаласының еліміздегі ірі туристік орталықтардың бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашады.
Сондай-ақ, үшінші мегаполисте биыл 12 жаңа туристік нысан ашылады деп күтілуде. Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласына 9 айдың ішінде 311 895 адам келген. Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 238 197 адамды құраған болатын. Алматы, Астана және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, АҚШ, Корея және басқа да елдер мен қалалардан іскерлік, жеке және кәсіптік мақсатта Шымкентке келушілер саны басым. Аталған басқарма биыл туристер санын 400 мыңға жеткізуді жоспарлаған. Бұл ретте, сыртқы байланысты жандандырып, Шымкенттің туристік танымдылығын арттыру мақсатында биылға жоспарланған БАӘ-нің Бас консулдығының ашылуы, Литваның Каунас қаласымен бауырлас қарым-қатынас орнатуы да ықпал етпек. Еске сала кетейік, жазғы кезеңге Шымкенттен Қостанайға, Ақтөбеге, Семейге және Атырауға, сондай-ақ, грузиялық Кутаисиге дейінгі жазғы маусымдық маршруттар қалпына келтіріледі. Сонымен қатар Алматыға, Астанаға, Ақтауға және Шымкент-Дели-Шымкент жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстер қазақстандықтарға қолжетімді бағамен мобильді болып қалуға мүмкіндік береді.

Пікір жазу