Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫМЕН 13 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫМЕН 13 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Биыл Тұран ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында барлығы 13 балалар ойын алаңшасы салынып, халық игілігіне беріледі. Қазіргі уақытта Құрсай елді мекеніндегі Құлаңтөбе көшесінде, Ақтас елді мекенінде атауы жоқ көшеде және Бәйдібек би даңғылы 246 мекенжайында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың тамыз айында толық аяқталып, нысан пайдалануға тапсырылады.
Ал, жыл соңына дейін Тұран ауданында Құрсай, Қазығұрт, Ақжар, Ақтас, Арғымақ елді мекендерінде, Отырар шағынауданы, Бәйдібек би даңғылы бойында ойын алаңшасы салынады.
Сонымен қатар, тұрындықтарға қажет тағы 10 ашық спорт алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, Отырар шағынауданы (№15/1, №41, №55, №13, №11, №40-42), Құрсай елдімекенінде (Сатқанбаев көшесі, Оңдасынов көшесі, Жұлдыз көшесі) спорт алаңшаларының құрылысы жүргізіледі.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 26 көпқабатты үйдің ауласы мен балалар ойын алаңшаларын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. Бүгінде аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Атап айтатын болсақ, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, ІІ-кезеңмен 9 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 3 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына құжаттар әзірленуде.

Пікір жазу