Шымкент қаласы бойынша 930 900 азамат МӘМС жүйесінде сақтандырылған, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Раймбекұлы брифинг барысында мәлімдеді.
Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 1 162 238 тұрғынның 930 900-ы әлеуметтік медициналық сақтандырылғандар болса, сақтандырылмаған азаматтардың саны 231 338-ды құрап отыр. Сақтандырылмағандар ішінде жұмысшылар, азаматтық құқықтық келісім шарт бойынша жұмыс жасаған тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлемдерін жүргізгендер мен (әрі-қарай Дербес төлеуші болғандар мен басқа да тұлғалар бар. Соңғы 12 айда МӘМС-ке төлемдер түспеген тұлғалар саны 164 148 құрады. Шымкент қаласында әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру барысы бойынша ағымдағы жылдың 4 айында халық арасында 227 кездесу ұйымдастырылып, 4 915 азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізілген. 1 274 азаматқа кеңестер беріліп, 3814 көрнекі ақпарат таратылған және ілінген.
Сонымен қатар, 192 аудио және 194 видео роликтер көпшілік орындарда көрсетілуде. Осы жылдың 1 тоқсанында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл жөніндегі алқа мәжілісінің отырысы өткізілді. Нәтижесінде 2022 жылды бүгінгі күнмен салыстырлғанда қала тұрғындарының саны 1 111 815 -ден 1 162 238-ге өскен, оның ішінде сақтандырылғандар саны 883 271-ден 930 900-ге өскен, яғни 2022 жылдың 1 сәуірінен осы күнге дейін 47 629 адам сақтандырылған. Айта кетейік, бүгінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалы тарапынан тұрғындардың медициналық қызметтерге қолжетімділігіне жыл бойы ұдайы мониторинг жүргізілуде. Мониторинг жұмысының нәтижесі туралы бас дәрігерлердің қатысуымен өткізілген штаб отырыстарында бірнеше рет талқыланды. Салыстырмалы түрде алғанда медициналық қызметті негізсіз ұзақ күту мәселелері 2022 жылмен салыстырғанда оң динамикада.
Атап айтқанда, 2023 жылдың қаңтар айына тұрғындарға 3409 КТ/МРТ қызметінің 3405-і (99,9%) алғашқы 3 күн ішінде көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 90,6% құраған болатын. Сұранысқа жиі ие бейінді мамандардың кеңестері (кардиолог, гинеколог, невропатолог, пульмонолог) мен зерттеулер (рентген, УЗИ) бойынша жалпы 73 602 қызметтің 73 587-і, яғни, 99,8% алғашқы 3 күнде көрсетілсе, 2022 жылы 66 258 қызметтің 6050-і, яғни, 90,6% көрсетілген.