Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкенттегі салт-дәстүр орталығына туристер жиі келеді

Шымкенттегі салт-дәстүр орталығына туристер жиі келеді

Шымкентте дәстүрімізді дәріптейтін жалғыз салт-дәстүр орталығына туристер жиі келеді, деп хабарлайды didarbek.kz.

Қазақ елінде жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы — Шымкентте орналасқан. Қазақтың тың дәстүрін терең танып білуге әлемнен түрлі туристер келуде. Өздеріңіз білетіндей қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Әр ұлт өзіндік болмысымен, тарихымен үндескен ұлттық құндылықтарымен ерекше. Қаламыздың мақтанышы, дәстүріміздің айнасы Салт-дәстүр орталығына әлемнің әр елінен шет ел азаматтары жиі ат басын бұрады. Мақсаты сол, еліміздің мәдени өміріне қызығушылықтарын білдіріп, қазақтың көне мәдениеті мен ұлттық құндылықтарымен танысуы жиі орын алуда.

Күні кеше Швеция мемлекетінің Стокгольм қаласындағы қазақ мәдени орталығының төрайымы Мажиева Хабира ханым қонақта болды. Хабира Азизбекқызы орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, экскурсия мамандары «Ұлттық салт-дәстүр», «Қол өнер» залдарын аралатып, халқымыздың қасиетті де киелі саналатын киіз үй жабдықтарын, түрлі жәдігерлер, бесік, сандық, саз аспаптары мен тұрмыстық және қолөнер бұйымдарын көрсетті. Қазақтың дәстүрі мен салтына қызыға, тамсана қараған туристер алдағы уақыттарда шығармашылық — мәдение кештерді жиі тамашалап, дәстүр айнасына айналған төл туындыларымызды құрметтейтінін жеткізді.

Айта кетейік, Шымкент қаласына келуші туристердің саны жыл санап артып келеді. 2022 жылдың 12 айында қалаға келушілер саны 448 797 адамды құрап отыр. Ішкі туризм бойынша келушілер саны 412 268 адам, өткен жылмен салыстырғанда 136,2%-ға артып отыр. Ал, кіру туризмі бойынша келушілер саны 36 529 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайған. Бүгінде республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 3-орында тұр. Оның ішінде ҚР азаматтары бойынша 4-орын, резиденттер еместер (шет ел азаматтары) бойынша 4-орында.

Пікір жазу