Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылып жатқан индустриялық аймақтың 2023 жылы инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін салуды аяқтау жоспарлануда.
Бүгінгі таңда онда орналастырылатын құны 18 млрд. теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобалар әзірленді. Олардың бірі құны 1,1 млрд. теңгені құрайтын консервіленген және өзге де өнімдерді, жартылай фабрикаттарды өндіру және орау үшін көкөністерді, ет өнімдерін, жемістер мен жидектерді өңдеу зауыты. Сонымен қатар, құны 1,5 млрд. теңге тұратын консервіленген ет өндірісі бар. Мұнан өзге косметикалық май және жеміс-жидек тағамдарын өндіретін зауыт, кондитерлік өнімдер өндіру, түрік шұжықтарын өндіру, нан үгіндісін өндіру, сүт өнімдерінің өндірісі, құрама жем өндіру жобасы бар. Сондай-ақ, сұйық май өндірісі, макарон өндіру, етті қайта өңдеу.
Ал, өндірісті «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағы аумағына орналастыру кезінде инвесторға жалдау шартымен инфрақұрылымы жүргізілген дайын жер телімі беріледі.
Индустриялық аймақтың қатысу үшін «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның Шымкент қаласындағы Филиалы индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясынан қажетті құжаттардың тізбесін тапсырып, өтінім жазу керек. Басқарушы компания қажетті құжаттар тізбесін 3 жұмыс күні ішінде қарайды. Сонымен бірге компания қажетті құжаттардың тізбесін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 1 жұмыс күні ішінде жібереді.
Сондай-ақ, қала әкімінің төрағалығымен инвестициялық штаб тұрақты қызмет атқарады, онда инвестициялық жобалар мен проблемалық мәселелер қарастырылады және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Айта кетейік, «Инвестиция салуға ең қолайлы қала» жүлдесі Шымкентке жайдан-жай беріле салған жоқ. Қаламызда экономиканың басым секторларына инвестициялар тарту үшін бар мүмкіндіктер қарастырылып, жағдай жасалып отыр. Соңғы жылдары бизнесті жүргізу шығындарын азайту, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, салық және тарифтік саясаттың сапасын арттыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылды.