Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 17 ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 17 ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкентте ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров мәлімдеді, деп хабарлайды didarbek.kz. Брифингке «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев та қатысып, саладағы жаңалықтарымен бөлісті.
–Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылық қолдау көрсетіліп отыр. Биыл Шымкент қаласы филиалы бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 миллиард теңге бөлінсе, оның 10,3 миллиард теңгесі игерілді, қалғаны жоспар бойынша жыл соңына дейін игерілмек. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қолдаудың негізгі бағыттары: несиелік серіктестіктерді және лизингтік компанияларды қаржыландыру, тікелей несиелеу, оның ішінде шағын несие беру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіру, сондай-ақ инвестиция тартуды іске асырып келеміз. Кәсіпкерлердің қазіргі мәселесі ауылдағы кепіл мүліктің төмен бағалануы болатын. Соны ескере отырып арнайы платформа жасақталды. Нәтижесінде мүлік бағасы 30 пайызға артып отыр. Енді шаруалардың несие алу сомасы да көбейеді, — деді Айдын Досқараев.
Брифинг барысында 2022 жылдың қорытындысы, Шымкент қаласының және Түркістан облысының ауыл шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржылық қолдауға қатысты маңызды мәселелер, көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын аяқтау бойынша, сондай-ақ 2023 жылға арналған қаржыландыру жоспарлары талқыланды.
Айта кетейік, биылғы жылы Шымкент қаласынан 17 жобаға қолдау көрсетіліп, 428 млн теңге қаржы бөлінген. Ал жақында ғана басталған «Жастар» несиелеу бағдарламасына 26 үміткер қатысып,19-ы комиссияға ұсынылған.

Пікір жазу