Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БАҒАМЕН 500 ТОННА ЖАНАР — ЖАҒАРМАЙ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БАҒАМЕН 500 ТОННА ЖАНАР — ЖАҒАРМАЙ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Шымкент қаласында егістік алқапта көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген бағамен 500 тонна жанар жағармай қарастырылған. Бұл туралы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Джанбатыров Әбунасыр Шарифоллаұлы брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды didarbek.kz.

Қазіргі уақытта операторлар мұнай өңдеуші зауыттан тиісті жанар-жағармай көлемін алып, оның 360 тоннасын шаруалардың қажеттіліктеріне байланысты үлестірді. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мал шаруашылығын қолдау мақсатында, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалы 17 жобаға 428 280 мың теңге жеңілдетілген несие қаражатын берді. Шымкент қаласының егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде 2023 жылы 26,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

Оның ішінде дәнді дақылдар – 10,9 мың, майлы дақылдар – 3,4 мың, көкөніс пен бақша дақылдары – 2,7 мың, картоп – 0,4 мың, мал азықтық дақылдар – 9,0 мың гектар жерге егілген. Аталған егіс көлемінен 87,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 2023 жылы өнімділікті арттыру мақсатында, егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауларға жергілікті бюджеттен 143 226,0 мың теңге қаржы қаралған.

Оның ішінде: – минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға –122 146,0 мың теңге; – тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 20 480,0 мың теңге; – пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 600,0 мың теңге қаралған. Айта кетейік, бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылық қолдау көрсетіп отыр.

Атап айтқанда, биыл Шымкент қаласы филиалы бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 миллиард теңге бөлінді. Оның 10,3 миллиард теңгесі игерілді. Қалғаны жоспар бойынша жыл соңына дейін игерілетін болады.

Пікір жазу