Шымкентте «Сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін факторларды алдын-алу сондай-ақ, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Дөңгелек үстелге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің комиссия мүшесі Садықов Берік Қадірқұлұлы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы, Айтбай ата мешітінің бас имамы Тәжібаев Есәлі Жәнібекұлы шақырылып өз ойларымен тәжірбиелерімен бөлісті.
Дөңгелек стөлдің қонақтары әлемдік індет болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресу жолыныдағы өз бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен және оның алдын-алу мәселелерімен сондай-ақ, заңнамалардағы орын алған соңғы өзгерістермен толық бөлісіп, жаңа Қазақстанды бірге құруымыз керек екендігін алға тартты.
Ал, азаматтық қорғау капитаны Н.Бостанбек 2022 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, Министрлікпен әзірлеген жоспар бойынша тұжырымдама тармақтарын сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ТБН №4 жобаларын орындау мақсатында кешенді шаралар қабылданып тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтып өтсе, азаматтық қорғау капитаны Н.Сейдуллаев 2023 жылдың 3 айында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде тәртіптің, аңдылықтың және сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне талдауын таныстырды.
Яғни, аталған жиынға Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің офицерлік құрамы қатысып, аталған тақырыптар бойынша пікір-талас сұрақ жауап айдары да болып өтті.