Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: БОЗАРЫҚ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 30 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: БОЗАРЫҚ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 30 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Бүгінде Шымкент қаласындағы Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов 132,9 гектарды алып жатқан индустриялық аймақта атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалады.

Мұнда бүгінде 13,5 шақырымдық ауыз су жүйелерінің құрылысы 85%, электр және табиғи газ желісімен қамту жұмыстарының көлемі 88% орындалған. Ал жобада қаралған 2 шақырым жолдың қазіргі таңда 1 шақырымы салынып, 7,9 шақырымдық ішкі орам жолдардың жартысына жуығының құрылысы аяқталған. Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша жоба әзірленуде.
Аталған индустриялық аймақты жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

Индустриялық аймақта алдағы уақытта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын, 1000-нан астам жұмыс орнын қамтитын 30 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобалар қолға алынады.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны бақылап, кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

 

 

 

Пікір жазу