Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

«5 тамыз – Медиация күні» мерекесіне орай қаладағы «Достық үйі» ғимаратында «Медиация – татулық тірегі» тақырыбында семинар өтті. Медиация апталығы аясында ұйымдастырылған жиынға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Б.Әділханов, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов, «Еуразиялық медиация орталығы» ҚБ жетекшісі Л.Ақшегірова, қалалық медиация орталықтарының төрағалары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ — нің қызметкерлері қатысты.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Б.Әділханов іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
– Мемлекет басшысы этносаралық қарым-қатынаста медиацияның маңызын атап өтіп, келіссөз жүргізетін кәсіби мамандарды дайындау бойынша тапсырма берген болатын. 2019 жылы қалалық ассамблея жанынан Медиация кеңесі құрылды. Құрамына 6 кәсіби, 6 қоғамдық медиатор енген кеңес негізгі қызметімен қатар, этномедиацияны дамытуға тұрақты атсалысып келеді. Ассамблея медиаторлары этнос өкілдері жинақы қоныстанған аумақтарда кездесулер өткізіп, соңғы 3 жылда 28 мәселе бойынша дауласқан тараптарды ортақ келісімге келтірді. Қазіргі таңда шаһарда этносаралық мәселе жоқ. Тамыз-қыркүйек айларында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің білім-білігін арттыру бағытында оқыту семинарын ұйымдастыру жоспарда бар, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Шымкент қаласында медиация апталығы барысында халық арасында 70-ге жуық сауалнама жүргізілді. Қазіргі кезде қалада 4 медиация орталығы жұмыс істейді. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесе қызмет атқарып келеді. Ассамблея медиаторларының тізіліміне 12 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация ұғымын ілгерілетуде жүйелі жұмыстар жүргізуде.
«Еуразиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Лаура Ақшегірова 2023 жылдың 6 айында этномедиация тәсілімен 12 дау шешімін тапқанын, бұл бағытта қала әкімдігі жеткілікті қолдау көрсетіп жатқанын айтты. Жиын соңында мерекеге орай бірқатар кәсіби медиаторлар «Алғыс хатпен» марапатталды.

Пікір жазу