Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Жаз айында Биылғы шомылу маусымында су айдындарында республика бойынша 153 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның ішінде 42-сі бала. Шымкент қаласы бойынша су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Нұржан Нұрханұлы баспасөз брифингінде баяндады.
– Сәуір айынан бастап судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша 215 рейдтік іс-шара жүргізілді. Бұл жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері де күшейтілген режимде өтті. Полиция департаментімен бірлесіп өткізілген патрульдік қызмет нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 бабы бойынша 12 тұлғаға ескерту берілген, 412-бабы бойынша яғни судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамағаны үшін 12 тұлғаға 144 900 теңге, 440-бапқа сәйкес спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 77 625 теңге айыппұл салынды, – дейді Нұржан Нұрханұлы
Су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Өңірдің климаттық жағдайына байланысты судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды түрде жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шараларға қарамастан жазатайым оқиғалар орын алуда.
Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Олар: Тоғыс су қоймасының «Холодильник» демалыс орны, Бадам су қоймасының «Рахат Бадам», Қошқар ата өзенінің бастауы. Сонымен қатар қала аумағында 18 бассейн мен аквасаябақтар шомылу маусымында жұмыс істеуде.
Сондай-ақ осы жылы департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп балаларды, оның ішінде тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша аквасаябақтардың иелерімен 13 меморанду, шомылу маусымында 1500 баланы жүзуге үйреткен. Жазатайым оқиғаларды азайту, сондай-ақ шомылу маусымын қауіпсіз өткізу бағытында департамент жергілікті атқарушы органдарымен, волонтерлармен бірлесіп, үгіт-насихат жұмыстарын өткізуді жалғастырады.
2023 жылдың 7 айында Шымкент қаласы аумағында 109 өрт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға өскен.
Биылғы жылы өрттен жарақат алғандар тіркелмеді, өткен жылмен салыстырғанда 100%-ға төмендеген. Тіркелген өрттердің негізгі бөлігін 75% тұрғын үйлер мен автокөліктердегі өрт оқиғалары құрап отыр. Қалған 25 өрт немесе 27,25% өндіріс, сауда, қойма, әкімшілік объектілерде және ашық аумақтарда орын алды.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің есебінде 93 жоғарғы қабатты тұрғын үй есепке алынған. Жоғарғы қабатты тұрғын үйдің 25 тұрғын үйінде қызмет көрсету мекемелері микро және шағын кәсіпкер болуына және мароторий жариялануына байланысты, 68 тұрғын үйінде пәтер иелері кооперативі (КСК) құрылмағандықтан, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті тарапынан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақталуы бойынша тексеру жүргізілмей келеді.
Осыған қарамастан, департамент қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде барлық пәтер иелеріне өрт қауіпсіздік талаптарын сақталуы туралы 70 үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жаднама парақшалары таратып келуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Пікір жазу