Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНЕ 1300 АДАМ ҚАТЫСАДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНЕ 1300 АДАМ ҚАТЫСАДЫ

Білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі биыл республика көлемінде Шымкент қаласында өтпек. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева хабарлады.
Республикалық дәстүрлі тамыз кеңесінде «Білім беруді цифрландыру» бағыты аясында ҰБДҚ, мектептегі интернет, білім беру оқыту ресурстары, ақпараттық-коммуникативтік технология, электронды оқулықтар, мультимәдениетті орта қалыптастыру, дәстүр мен инновация сингергиясы, автор көзқарасы, педагогтердің позияциясы, мемлекеттік қызметтегі реининжиниринг (автоматтандыру) тақырыптары қозғалады.
Секция жұмысы соңында сұрақ-жауап, пікір алмасу, кері байланыс арқылы қорытынды жасалады.
Пленарлық сессия жұмысы 25 тамыз күні сағат 10:00-де Түркістан сарайында өтеді.
Аталған жиынға жалпы 1300 адам, оның ішінде, басқа өңірлерден 300 қатысушы келеді. Білім мекемелерінің басшылары, педагогтер, салалық кәсіподақ мүшелері, ҮЕҰ, БАҚ және ата-аналар қоғамдастықтары өкілдері мен ЖОО ректорлары, ғалымдары қатысатын болады.
Сонымен қатар, «Түркістан» сарайы сахнасында көлемді LED экранда (5х8, 40 кв2 көлемде) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігімен бейнебайланыс ұйымдастырылады.
Модератор Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы болады.
Мемлекет Басшысының құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Балаева Аида Ғалымқызы оқиды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Смайылов Алихан Асанұлы мен Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Балаева Аида Ғалымқызы тамыз кеңесі аясында сөз сөйлейді.
Бейнебайланыстан кейін бірыңғай республикалық пленарлық сессия жұмысы Шымкент қаласында жалғасатын болады.
Пленарлық сессия жұмысын Шымкент қаласының әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы жалғастыратын болады.

Пікір жазу