Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БҮГІН СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЕКІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

БҮГІН СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЕКІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезекті екінші сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмурадов, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық бөлім және мекеме-ұйым басшылары және ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Алдымен өткен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Сыздықовтың төрағалығымен 15 мәселе пысықталып, аудандық мәслихаттың сессия отырысына қарап, бекіту үшін ұсынылды.
Салаларға қатысты бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасап, халық қалаулылары тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берді.
Атап айтқанда,
1. Сайрам аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпараты;
2. Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебі;
3. Аудандық электр жүйесі мекемесінің халыққа қызмет көрсету барысында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде ақпараты;
4. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Сайрам аудандық газ шаруашылығы филиалының халыққа қызмет көрсету барысында атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпараты;
5. «Сайрам тазалық» ЖШС-нің халыққа қызмет көрсету барысында атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі есебі;
6. Сайрам аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №24-142/VІІ «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
7. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы№25-148/VІ «Сайрам ауданы ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
8. «Сайрам ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы»;
9. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобаларын келісу туралы;
10. Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы;
11. Сайрам аудандық жер қатынастары жөніндегі аудандық комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы;
12. Сайрам аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №37-241/VI «Түркістан облысы Сайрам аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
13. Сайрам аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы №28-186/VI «Б» корпусы Сайрам аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
14. «Б» корпусы Сайрам аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы;
15. Сайрам аудандық мәслихат аппаратының құрылымы туралы.
Мұнан кейін, кезекті сессия отырысы басталып, аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмурадов төрағалық етті.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер талқыланған соң, аудандық мәслихат депутаттарының айтқан ұсыныс-пікірлері назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданды.

Пікір жазу