Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша қаржы сарапшылары Сағынғал Сая мен Чингельбаева Мақпалды қабылдады.
Қабылдауға «AMANAT» партиясы аудандық филиалдың төрағасы А.Әбдіқадіров және аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмурадов арнайы қатысты.
Сарапшылар жобаның негізгі мақсаты мен жүзеге асырылу барысын таныстырды. Айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жоба ауыл тұрғындарын алаяқтардың ықпалынан, қаржы пирамидаларына қалудан және басқа да күмәнді қаржылық операциялардан қорғауға көмектеседі. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие алу жолдарымен толық ақпараттандырылатын болады.
Жобаның мақсаты жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Оқу бағдарламасы несие бойынша қарыздар бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар, жеңілдікпен несие алып, мемлекеттен бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, АӘК алатын азаматшаларға арналған. Қатысушылар жобаға қатыса отырып, өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді.
Осы мақсатта 2023 жылдың 26 маусымынан бастап ауданға қарасты ауылдық округі тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында “Қарызсыз қоғам” атты оқу-семинар ұйымдастырылып өтуде. Бұған дейін Қарамұрт, Қайнарбұлақ ауылдық округтерінде және Ақсуабад елді мекенінде өткізілген оқу, бүгінде Көлкент және Арыс ауылдарында жалғасын табуда.
Кездесу барысында сарапшылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.
Қабылдау соңында аудан әкімі Арман Сәбитұлы «Қарызсыз қоғам» жобасының маңызын атап өтіп, жобаға қолдау білдіретінін жеткізді.

Пікір жазу