Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын ашу» жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданында 2171 жаңа жұмыс орнын ашу міндеттелген. Бұл ретте 1870 жұмыс орны ашылып, тапсырма 86 % орындалды.
Ұлттық жобалар аясында аудан аумағында 32 жобаны іске асыру барысында,302 жаңа орнын құру жоспарланған. Бүгінгі күнге, 27 жоба басталып 188 жұмыс орны ашылды.
Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар санатындағы 76 азаматқа «Ауыл аманаты» жобасы бойынша микрокредит беру жоспарланған. Ақбұлаққа- 3,Жібек- жолына – 56 Қайнарбұлаққа-7, Көлкентке – 11 және басқа ауылдық округтеріндегі -52 адамға беруге міндеттеліп отыр.
Ал, 21- 35 жас аралығындағы 37 азаматқа өз кәсіптерін ашуға жылдық сыйақы мөлшері 2,5% пайызды құрайтын микро кредит беру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін «Аграрллық несие корпорациясы» АҚ –на ауданымыздың 48 тұрғынынан өтініш түсіп, олардың 10- ына қаржы берілді.