Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » НЕСИЕ — ЖАСТАРҒА НЕСІБЕ

НЕСИЕ — ЖАСТАРҒА НЕСІБЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес елімізде мемлекеттік бағдарламалар арасында жастардың тегін оқуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіппен айналысуына арнайы бағдарламалар биыл молынан қарастырылып отырғаны жасырын емес.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы қыркүйектің 1-індегі Жолдауында да несие ресурстарының жетіспеушілігі отандық бизнес үшін күрделі мәселе болып отырғанын, сондықтан нақты секторды тұрақты және қолжетімді несиелеу мәселесін шешуді тапсырған.
— Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 2,5%. Жастарға 5 миллион теңгеге дейін несие беріледі, төлеу мерзімі – 5 жыл. Ауыл шаруашылығымен айналысамын, ірі қара мал өсіремін деп несие алса, ол 7 жылға беріледі. Кепілдік қою талап етіледі. Сондай-ақ несиені 1,5 жылдан соң төлеуге болады. Алайда осы уақыт аралығында олар өз кәсібін ашып, оны дамытуға тиіс.
Ал, 2,5%-дық шағын несиелеу «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүргізіледі. Несие беру тәртібі, негізгі шарттары, әдістерін комиссия белгілейді. Корпорация несиеге өтініш берушілерден, егер шарт бойынша мін-деттемелер бұзылмаса, оларға қатысты комиссияларды, алымдарды немесе басқа төлемдер алмайды.
Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану мақсатында жергілікті жерлердегі NEET санатындағы жастар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.
Несие алушылардың жасы 21-ден 35-ке дейін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Үміткердің жасы құжат тапсыру сәтінде ескеріледі. Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Несие 5 жылға, яғни 60 айға берілсе, жеңілдікті кезең 20 айды құрайды.
Жүйелі жұмыстар мен тиянақты ақпараттық түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде өз кәсібін бастауға ниеттілер қатары артқан.
Біздің ауданнан жоба ұсынған 15 кәсіпкер бар.
Солардың бірі — аудан тұрғыны, 28 жастағы кәсіпкер Ахрор Абдиганиев. Ол «Жастарға шағын несие беру» бағдарламасы арқылы 2,5 пайызбен 7 жылға 5 млн. теңге несие рәсімдеп, 15 сиыр сатып алған болатын. Қазіргі уақытта сиырларын сауып, қажет жерлерге сүт жеткізумен айналысып отыр. Болашақта сауын сиырларының санын көбейтіп, шаруашылығын кеңейтпек. Қолдарына қаржы тиген жас кәсіпкерлер кәсібін жолға қойып, несібесін таппақ.
Ж.МАҚҰЛБЕК,
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ-нің маманы.

Пікір жазу