Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТИІМДІ ШАРТПЕН ЖАҢА ТЕХНИКА

ТИІМДІ ШАРТПЕН ЖАҢА ТЕХНИКА

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты.
Шаруашылық өркендесе, ауыл қашанда берекенің бастауы болып қала бермек. Жер анадан несібесін тауып, еңбектенген диқаншылар ауданда да аз емес. Мына заманда техникасыз іс тынбайтынын жақсы түсінетін оларды алқаптың темір тұлпарларын жаңарту мәселесі де мазалап келген.
Елімізде 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілерінің қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау көрсетеді. Бұл ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің түрлі санаттарының мүддесі мен қажеттіліктеріне сай техникаларды тиімді шарттармен сатып алуға мүмкіндік береді.
Сайрам ауданындағы жеке кәсіпкер Махмудулла Райимкулов ауыл шаруашылық техникасына қол жеткізді. “КазАгроҚаржы” АҚ-дан жалпы құны 15 225 000 теңге қаржыны құрайтын, LX 954YTO маркалы тракторы лизинг бойынша алынды.
Лизинг алушы техниканы мақсатына сай пайдалануы шарт. Компанияның жауапты қызметкерлері жыл сайын аталған ауыл шаруашылығы техникасының бар-жоғын және техникалық жағдайын тексеріп отырады. Ал міндеттемелер толықтай өтелгеннен кейін жеке кәсіпкерге акционерлік қоғамнан лизинг арқылы алған техникасына меншік құқығы беріледі.

Пікір жазу