Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

САЙРАМ: БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаевтың төрағалығымен кезекті лездемелік мәжіліс өтті. Күн тәртібінде аудан бюджетінің 9 айдағы қорытындысы және орындалу барысы қаралды.
Ағымдағы жылдың 9 айында аудан бюджетінің кірісі 7,1 млрд.теңгені құрап, жоспар 108,0%-ға артық орындалды. Ал аудан бюджетінің шығысы 12 705,6 млн.теңгеге игеріліп, бюджеттің шығыстар жоспары 100%-ға орындалған. Бұл туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева баяндады. Сонымен қатар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және ТҮКШ,ЖК және АЖ бөлімдерінде игерілмеу қауіпі байқалады. Осыған орай, қаржыларды келесі айларға жылжытуға облыстық салалық басқармаларға ұсыныс берілген, дейді А.Айтекеева.
Жиын соңында А.Өсербаев бюджеттің қаражатын құр игеріп қана қоймай, тиімді жұмсау маңызды екендігін атап өтті.

Пікір жазу