Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «БАЛЫҚҚА ӨМІР СЫЙЛА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

«БАЛЫҚҚА ӨМІР СЫЙЛА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Бүгін Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінде орналасқан «Көлкент»демалыс аймағында «Балыққа өмір сыйла» атты республикалық форумы өтуде. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы және Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев қатысты, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық асгенттігі.
Форум аясында балық өнімдерінің жәрмеңкесі, балық аулаушылар сайысы өтпек. Сондай-ақ, шара барысында Түлкібас ауданында орналасқан Састөбе көлімен Шымкент қаласының аумағында орналасқан Бадам су қоймасына 100 мың дана тұқы балығының шабақтары жіберілетін болады.
Бүгінде облыстың балық өсіру секторында 130-ға жуық шаруашылықтар жұмыс жасауда. Осыған орай, жиында Түркістан облысы табиғи ресрустар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев, Түркістан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Талғат Мықтыбек, «Арал-Сырдария» облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Пазылбек Нәлібаев, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Кұрманбаев, «Балық мектеп» ЖШС-нің негізін қалаушы, балық шаруашылығы кәсіпкері Марлен Тұрсынәлі, «Хамит» АӨК директоры және Түркістан облысының депутаты Бақытжан Серманизов қатысып өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Форум аясында балық өнімдерінің жәрмеңкесі, балық аулаушылар сайысы өтпек. Сондай-ақ, шара барысында Түлкібас ауданында орналасқан Састөбе көлімен Шымкент қаласының аумағында орналасқан Бадам су қоймасына 100 мың дана тұқы балығының шабақтары жіберілетін болады.
Айта кетейік, аталған форум Алматы облысының «Балық мектеп» ЖШС-гі, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және облыстың тауарлы балық өсірушілерінің ұйымдастыруымен іске асты.
Аталған жиынға балық шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген ірі шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер және балық өсіруге қызығушылық танытқан 300-ге жуық адам қатысады деп жоспарлануда.

Пікір жазу