Арыс қаласы, Ордабасы, Отырар аудандарында барлық білім беру ұйымдарымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында «Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дәріптеу тақырыбында» семинар өткізілді.
Аталған семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Расұл Самат Әбдімүталіұлы , Түркістан облысының білім басқармасының құқықтық актілерді сараптау және заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Сапарбеков Әлжан Нұртасұлы, Түркістан облысының білім басқармасының Орталықтандырылған бухгалтерияның заңгері Сейіт Гүлмарал Нығметқызы, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағамбетқызы, Арыс қаласының білім бөлімінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы, Ордаьасы ауданы білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы мен Отырар ауданы білім бөлімінің басшысы Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы қатысты. Сондай-ақ бөлім әдіскерлері, мектеп басшылары және педагогтер бой көрсетті.
Жиналыстың мақсаты: Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу!
Семинар барысында аудандық білім бөлімінің басшылары «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Семинардадың соңы білім беру ұйымдарының басшыларының сұрақтар қойылып, білім саласындағы мәселелер талқыланды.