Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Түркістан облысының аудан-қалаларындағы білім беру ұйымдарында семинар өтті.
Алдымен Түркістан мен Кентау қаласында және Сауран ауданында ұйымдастырылды. Содан соң Арыс қаласы мен Ордабасы, Отырар ауданында барлық білім беру ұйымдарымен «Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дәріптеу тақырыбында» өткізілді.
Аталған семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Самат Расұл, Құқықтық актілерді сараптау және заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әлжан Сапарбеков, Түркістан облысының білім басқармасының орталықтандырылған бухгалтерия заңгері Гүлмарал Сейіт, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Нұржахан Абуова қатысты. Сондай-ақ бөлім әдіскерлері, мектеп басшылары және педагогтер бой көрсетті.
Семинар барысында Сауран ауданының білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, Кентау қаласы білім бөлімінің басшысы Әділ Арысбайұлы мен Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразгүл Қолдасова, Арыс қаласының білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков, Ордабасы ауданы білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева мен Отырар ауданы білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Семинардың соңында білім беру ұйымдарының басшыларына сұрақтар қойылып, білім саласындағы мәселелер кеңінен талқыланды.

Пікір жазу