Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫСТЫҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

АРЫСТЫҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз.
Осы мақсатта бүгін «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы қалалық білім бөлімімен бірлесіп қаладағы бірқатар мектептерге сараптама жұмыстарын жүргізді.
Сараптама жұмыстарына «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, филиал жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Еркін Сарбасов, қалалық білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков және партиялық бақылау комиссия мүшелері қатысты.
Аталған шара барысында тиісті жұмысшы топ оқушыларға ыстық тамақ беруді тиімді ұйымдастыру тетіктері мен осы бағыттағы өзекті мәселелер пысықталып, оңтайлы шешу жолдары талқыланды. Мектеп асханалары негізгі құралдармен тоңазытқыш, мұздатқыш, қысқа толқынды пеш, газ, электроплиталармен және асханалық бұйымдармен толықтай қамтылған.
Айта кеткен жөн, биыл қалада 7575 оқушыны ыстық тамақпен қамту қарастырылған болса, оның 6815-ы 1-4 сынып оқушылары, қалған 800-ге жуық оқушы-атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларының балалары.
Аталған бақыттағы сараптама жұмыстары партия тарапанын тұрақты бақылауда болмақ.

Пікір жазу