Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Балардың құқытарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас Нұрланұлы және Арыс қаласы «Білім бөлімі » мемлекеттік мекемесінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «М.Тынышбайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2023жылдың 14 қыркүйек күні 2023-2024 оқу жылындағы мектептегі асхананың жағдайын, 1-4 сыныптардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілгендігіне бақылау жүргізді.
Жиын барысында Оқу-ағарту саласын жетілдіру мақсатында ұсыныстарды тыңдап, білім мекемелеріндегі білім алушыларға жасалған жағдайлар бойынша көзбен көрген мән жайларды ортаға салып, Оқу -ағарту саласындағы шешуші мәселелерге жұмыла кірісуге шақырды.
Жиын соңында мектеп ұзтаздарымен кездесіп, білім саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар туралы айтылды. Ұстаздарымыздың ұсынысы мен пікірлерін тыңдап, Батырхан Жолдас Нұрланұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, жаңа оқу жылына қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандықтағы ұстаздарымызға сәттілік тіледі.