Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАС БАЛА ПАРА ДЕГЕННІҢ НЕ ЕКЕНІН БІЛМЕЙ ӨСУІ КЕРЕК!

ЖАС БАЛА ПАРА ДЕГЕННІҢ НЕ ЕКЕНІН БІЛМЕЙ ӨСУІ КЕРЕК!

«Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады. Қоғамда жүретін барлық жағдайлар отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады.
Бір нәрсе анық, қоғамда моральдық адамгершілік деңгей төмендеген кезде, отбасына осындай құбылыстарға қарсы күресу қиынға түседі. Сондықтан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының адамгершілік жауаптылығын арттыру қажет.
Отбасында борыш, адалдық, ар-намыс, әділдік талаптарына сәйкес келетін тұлғаның мінез- құлқының адамгершілік реттеуіштерін күшейту қажет.
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жағдайында жастар санасына адалдық пен әділдіктің, парасаттылықпен қайырымдылықтың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеумен қатар ары мен абыройын саудаға салып жатқанын жан-тәнімен сезінуі қажет.
Әсіресе жас бала пара дегеннің не екенін білмей өсуі керек!
Арыс қаласының білім бөлімінің басшысы А.Момбеков

Пікір жазу