«Арыс қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 11 қыркүйек күні Ұлтымыздың біртуар марғасқасын еске алып, ұлағатты өмірін ұрпаққа өнеге ретінде насихаттау мақсатында 10 қыркүйек- мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист және редактор Сұлтанбек Қожановтың туғанына 129 жыл толуына орай қазақ тілі пәнінің мұғалімі Талтеева Гүлмира және үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ұлы тұлға – Сұлтанбек Қожанов» тақырыбында салтанатты жиынын өтті.
Жиын қонақтары «Аманат» партиясының Арыс қалалық филиалының төрағасы Б.Ділдабеков, Арыс қалалық маслихатының депутаты С.Момбекова қатысып, оқушыларға С.Қожанов туралы естелік әңгімелер айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Мақсаты: Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға Сұлтанбек Қожановты еске алу. Оның ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету.
Өзгеше болмаса да мол мұрасы,
Қазақтың ғажап осы домбырасы!
Айналған ұрпақтардың мақтауына, ежелден қадір тұтқан кәрі жасы -деп күймен аяқтады.