Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САМАРҚАНДТА UNWTO БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ФОРУМЫ ӨТТІ

САМАРҚАНДТА UNWTO БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ФОРУМЫ ӨТТІ

Жуырда Самарқандтта БҰҰ-ның Дүниежүзілік мамандандандырылған UNWTO Бас Ассамблеясының халықаралық білім форумы өтті. Ауқымды іс-шараға дүниежүзіндегі 140 мемлекеттен арнайы келген туристік ұйым мамандары туризм саласының дамуы аясында атқарылып жатқан жұмыстарын таныстырды және бір-бірімен өзара тәжірибе алмасты.
Түркістан облысы (Оңтүстік Қазақстан) Білім басқармасының колледждері Ташкент қаласының құрылыс, білім, қызмет көрсету салалары бойынша меморандумдарға тұрып, бірлесе іс-шаралар атқарып келеді. Осы бағытта Түркістан облысының Білім басқармасына қарасты колледждер арнайы шақырту алып, UNWTO Бас Ассамблеясының халықаралық білім форумына қатысты.
Форум барысында Түркістан облысының Білім басқармасына қарасты колледждер Ташкент, Самарқанд қаласындағы колледжермен меморандумға тұрып қараша айынан бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жұмыс жүргізу бойынша колледж басшылары келісім жасады.
Форумның екінші күнінде Самарқанд және Ташкент қаласында орналасқан университтеттер мен колледждерге барып аспазшылар, тігіншілер мен қолөнер шеберлерінің, сәулетші және құрылысшылардың шеберліктерін көріп, отандық өнімдердің сапасын қолдау қажеттігіне аса мән берді.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылы деп жарияланды. Осы орайда екі халық арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды.

Пікір жазу