Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «АҚБЕРЕН» ӨНЕР БАЙҚАУЫНА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

«АҚБЕРЕН» ӨНЕР БАЙҚАУЫНА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
“Жасөспірім және заң” тақырыбы аясында тәрбиелік жиналыс ұйымдастырылды
Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топтың ұйымдастыруыме, Шұбар ауылындағы Д.Қонаев атындағы, Шұбарсу ауылындағы М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептерінде «Жасөспірім және заң» атты жиналыс өтті.
Мақсаты: Жасөспірімдерге, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Аталған жиында «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрс», «Оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту, заң талаптарын түсіндіру», «Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін, арттыру», тақырыптарында баяндамалар оқылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында Құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстарын насихаттады. Оқушылар мен ата-аналар еркін микрофон алаңында ашық сұхбат жүргізіліп, көкейтесті мәселелерге тиісінше жауап алынды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен аудандық семинар өтті
Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен Төлеби атындағы негізгі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинар мақсаты — білім алушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру, ширату: сыни шығармашылық логикалық ойлау арқылы білім сапасын көтеру. Семинарға білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинарда директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Салыбекова 5-сыныпқа «Бесікке салу», Д.Құлжанов 9-сынып оқушыларымен «Бала би мен Сырым», И.Рыбалко атындағы ЖОМ-нан екі мұғалім десант сабағын өткізді.
Атап өтер болсақ, Қ.Долбахова 7-сыныпқа «Ең басты байлық», К.Зейдуллаева 6-сыныпқа » Тіршілікте құрыштай бол төзімді» тақырыбында ашық сабақтар өтті.
Іс-шара соңында пән мұғалімдері кері байланыс беріп, сабақ өту кезінде нәтижеге бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білгенін, сабақтың құрылымы дұрыс құрылғанын, сабақты бағалау, бекіту кезеңдері дұрыс жүргізілгенін атап өтті. Жас мамандарға тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген осындай семинарлар өз жалғасын таба бермек.
 Түлкібаста “Отбасындағы бейбітшілік, зорлық-зомбылықсыз қауымдастық” семинар-тренингі жүргізілді
Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты И.Рыбалко атындағы жалпы білім беретін мектебінде Отбасы істері және гендерлік саясатты жүзеге асыру жобасы аясында БҰҰ-ның халық қоныстану қорының ұлттық кеңесшісі Сағадат Сәбитова жасөспірім ұл балалармен «Әкелерге арналған», «Отбасында бейбітшілік, зорлық, зомбылықсыз қауымдастық»,Y- PEER халықаралық еріктілер желісінің тренері Күмісай Артықбаева жасөспірім қыз балалармен «Ерте жүктілік пен түсік түсірудің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Тренингке жасөспірім білім алушыларымен қоса ДТІЖО, педагог-психологтар, сынып жетекшілер қатысты.
Мақсаты: әкенің отбасындағы тәрбиеге өте маңызды рол атқаратындығын көрсете білу, қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру.
Жасөспірім қыздарға жыныстық өмірдің мәні, адамның психосексуалды ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.
Тренинг барысында білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сауалнама алынды және ата-аналарға арналған жадынамалар таратылды.
Сайрамда мобилография кәсібі ашылды
Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ-де заман ағымына және еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи кәсіптер туралы ақпарат беру, жастарды сол кәсіп түрлеріне баулу, үйрету мақсатында аудандық білім бөлімінің келісімімен биылғы оқу жылында «Мобилография» кәсібі ашылып, қызуғушылығы мен қабілетін және оқушылардың бейіні ескеріле отырып алғашқы топ құрылды. Бұрын адамдар фотоаппарат көмегіне жүгінсе, бүгінде телефон арқылы әр сәтті өздері таспалай береді. Бұл салаға деген сұраныс әсіресе, жас буын арасында айтарлықтай жоғары.
Бүгінде әлеуметтік желілерді белсенді қолданатын жастар өздерінің профильдерінде жағымды әсер қалдыру мақсатында айрықша фотосуреттерді түсіріп, оны өңдеуді үйренуде. Дегенмен, кәсіби жабдықпен түсіру және монтаждау көп уақытты қажет етеді. Сол себепті, сапалы суретті күнделікті қолымызда жүретін смартфонармен түсіру оңай болмақ.
Мобилографтардың кәсіби мамандардан артықшылығы материалды жылдам беруінде.
Мықты мобилограф болу үшін ең алдымен сапалы видеоролик жасап шығаруға камерасы жақсы жабдықталған смартфон, күшейтілген жарық пен дыбыс қажет. Ал, ағайы оқушыларға суретті түсіру және оларды монтаждауды үйрету жұмысымен қызу айналысуда.
Көздің жауын алатындай кадрларды ұстап, смартфонға түсіру арқылы оған өзгеше реңк беру екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние.
Осы орайда, кәсіп оқушыларының алғашқы жасаған жұмыстарымен бөлісуді жөн санап отырмыз.
“Ақберен” өнер байқауына 100-ге жуық оқушы қатысты
Созақ ауданы, А.Сүлейменов атындағы мектеп базасында аудан оқушылары арасында «Ақберен» республикадық өнер байқауының аудандық кезеңі өтті. 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар салысында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашыл қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсету мақсатында өткен байқауға аудан мектептерінен 100-ге жуық оқушы қатысты.
Шешендік, білгірлік сайысы, көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта өнер көрсету, ақындар айтысы, ақындар мүшайрасы номинациялары бойынша сынға түскен жеңімпаз оқушылар аталған байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
“Бір біргеміз, бәрін жеңеміз” атты тренинг ұйымдастырылды
Сауран ауданының білім бөліміне қарасты «Алтын сақа» бөбекжай- бақшасында «Білім – тұрақты дамудың және ұлттың әлеуетін арттырудың инновациялық ресурсы» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар барысында балабақша психологы Шахиста Адамбек, семинарға қатысушы әдіскерлерді 2023-2024 оқу жылының әдістемелік нұсқаулық хатымен таныстырды.
Сонымен қатар, ҚР педагогтер сьездіне қатысып қайтқан тәрбиеші Матлюба Алиддинқызы өзінің жаңалықтары мен әсерлерін түрлі видеоролик және презентация арқылы бөлісті. Семинар қатысушылар балабақша ұжымына алғыстарын білдіріп, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік рәміздер ұлықталды
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Ж.Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің аға тәлімгері Роза Миркебаева мен 6-сынып жетекшісі Айжан Анасованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қастерлеп, құрметтеуге бағытталған ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсат — оқушыларды Отансүйгіштікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Аталған ашық тәрбие сағаты барысында оқушылар Әнұранды орындады. Ту, Елтаңба, Әнұран туралы деректер айтып, өлең-тақпақтар мен «Көк тудың желбірегені» әнін қосыла шырқады. Мұғалім сабақты қорытындылау кезінде сұрақ-жауаптар мен кеспе қағазға тірек сөздер құрау тапсырмасын берді.
Қысқасы, бұл сабақ оқушыларды жоғары мәдениетке баулуға, олардың патриоттық және азаматтық сезімдерін оятуға арналды.

Пікір жазу