Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Саурандық оқушылар волейболдан өткен қыздар арасындағы турнирде жеңіс тұғырынан көрінді

Саурандық оқушылар волейболдан өткен қыздар арасындағы турнирде жеңіс тұғырынан көрінді

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
Басқарма басшысының төрағалығымен алғашқы аппарат жиыны өтті
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Жұмашев Ғалымжан Сұлтанбекұлының төрағалығымен алғашқы аппарат жиыны өтті.
Жиынға басқармадағы жауапты мамандар және (аудан/қаладағы) білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде: Білім нысандарының 2023-2024 оқу жылдардағы күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталды.
Жалпы, облыста 580 мекеме – қатты отынмен; 573 мекеме – табиғи газбен, 57 мекеме – сұйық отынмен, 60 мекеме орталықтандырылған жылу жүйесімен, 5 мекеме электроэнергиясымен жылытылады.
Сондай-ақ, Мектептердің жылыту маусымына дайындық жұмыстарын күшейтіп, қатты және сұйық отынды мерзімінде тасымалдауды қамтамасыз ету жолдары жан-жақты пысықталды.
Бүгінгі күнге, 1275 білім беру мекемелерінің жылыту жүйелері гидравликалық сығымдаудан (оппресовка) өткізілді.
Қазіргі таңда, білім беру мекемелеріне қажетті 120,8 мың тонна қатты отын (көмір) сатып алу бойынша жеңімпаздар анықталып, келісім шарттар түзілді.
Бүгінгі таңға, 114,2 мың (94,6%) тонна қатты отын (көмір) тасымалданды.
Жиын соңында басқарма басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы басқа да бірқатар өзекті мәселелерді тыңдап, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
54 МЕКЕМЕГЕ 73 ҮМІТКЕР «ӘҢГІМЕЛЕСУ» КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСТЫ
Түркістан облысының білім басқармасында білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңі өтті.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкусртық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына (Бұдан әрі-Бұйрық) сәйкес конкурстық негізде жүргізілді.
Конкурстың әңгімелесу кезеңі әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім арқылы жарияланды. Және үміткерлерден тікелей көрсетілім жасауға келісім алынды.
Бұйрық ережесіне сәйкес, комиссия құрылды. Сонымен қатар, жарияланымда әңгімелесу кезеңіне-байқаушылардың қатысуға болатындығы ескертілді. Бүгінгі әңгімелесуге 54 мекемеге 73 үміткер қатысты.
Үміткерді бағалау ашық дауыс берумен жүргізіледі. №10 қосымшадағы бағалау парағы қоса тіркелді.
Сондай-ақ, комиссия мүшелері толықты. Қазіргі таңда “Әңгімелесу” кезеңінде 9 комиссия мүшесі бар.
Бұйрық талабына сай, осы кезеңге дейін үміткерлер: құжат тіркеу, тест, қамқоршылық кеңес кезеңдерінен өткен.
Комиссияның ашық дауыс беру тәртібімен 13 мекемеге үміткер анықталды.
Білім басқармасының сенім телефонына жаңа оқу жылынан бастап 150-ге жуық қоңырау келіп түсті
Түркістан облысы білім басқармасында 2019 жылдан бері “Call centre” қызмет көрсетеді.
Жаңа оқу жылынан бастап, сенім телефонына 150-ге жуық қоңырау келіп түскен.Оның 100-ге жуығы whatsapp желісі арқылы, 50-ге жуығы сенім телефонына қоңырау арқылы келіп түскен.
Білім саласына қатысты сауалдарыңыз болса, +7707 684 71 00 нөміріне хабарлассаңыз болады.
«Тіл – ұлттың жаны» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде оқушылардың логикалық ойлауын тереңдету, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің қазан айының 9-20 аралығында «Тіл – ұлттың жаны» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын жырлағандай, аталған білім ордасының басшысы Сапаров Жанат Әуелтайұлы сөз алып, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен ақын-жазушыларымыздың өлшеусіз еңбектерін өскелең ұрпаққа қазақ тіліміз – ең басты байлығымыз екенін айта келе, қазақ тілі тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі іс-шара жоспары бойынша сабаққа белсене қатысуға, шақырды.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Демеуова Ғалия онкүндік барысында өткізілетін іс-шаралар арқылы жасөспірімдердің пәнге деген қызығушылықтары артып, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейтін, әрбір оқушы өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеруі міндетті екенін яғни, оқушыларға шабыт сыйлайтынын, іс-шара жоспары бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар уақытылы өтетінін айтып өтті.
Сонымен қатар, онкүндіктің ашылу салтанатында оқушылар, ұстаздар және ата-аналар белсене атсалысып, сұрақтарға жауап беріп, ынталандыру сыйлықтарын алды.
“Fall Fair” атты күздік жәрмеңке ағылшын тілінде өтті
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №8 В.Комаров атындағы мектеп директоры Ж.Г.Кайбалдиеваның идеясымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жас маман А.Е.Жолдасбектің ұйымдастыруында “Fall Fair” атты күздік жәрмеңке ағылшын тілінде өтті.
Мақсат — «Learning Through Task-Based Approaches» ғылыми жобасының аясында оқушылар мен мұғалімдерге шынайы өмірде ағылшынша сөздік қорды дайын фразалар арқылы сатушы мен сатып алушы рольдерінде практикада қолдану және американдық атмосфераны сезіну. Жәрмеңкеге оқушылар өздері жасаған зергерлік бұйымдар мен түрлі тағамдар дайындап алып келді.
Күзгі жәрмеңкеде адамдар жәрмеңкеге барған кезде жасай алатын көптеген қызықт бейнеленген. Сонымен қатар оқушылар түрлі сұрақтар қоюды және оларға жауап беруді, оқығандарын жақсы түсіну және есте сақтау үшін мәтіндегі негізгі идея мен мәліметтерді анықтауды үйреніп меңгергенін көрсете білді.Текстке түскен қаражаттың 10% қайырымдылық қорына тапсырылды.
«AgroSkills» халықаралық кәсіби шеберлік байқауында түркістандық 2 колледж жүлделі орынға ие болды
Жамбыл облысында республикалық колледж білім алушылары «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша «AgroSkills» халықаралық кәсіби шеберлік байқауында бақ сынасты.
Аталған байқау қорытындысы бойынша Түркістан облысының Д.Қонаев атындағы Аграрлық-техникалық колледжінің студенті Юлдашов Азиз — І орын, №18 колледж студенті Шеріп Елнұр ІІ орын иегері атанды.
Саурандық оқушылар волейболдан өткен қыздар арасындағы турнирде жеңіс тұғырынан көрінді
Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Шардара қаласындағы волейболдан өткен қыздар арасындағы чемпионатқа Сауран ауданына қарасты Қ.А.Ясауи, Қарашық, Тұран, В.Вахидов мектептерінің 2009-2010 жылғы қыздар командасы қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша Сауран ауданының қыздар құрамасы жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшілері Илхам Ерметов, Ислам Орифжанов, Азиз Сапаров, Шерзат Өтеповке және де аталған жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушылар мен қолдау көрсеткен, жеңімпаз атанған оқушыларға алғысымыз шексіз.
“Сыр сандықтың сырын ашқан — Сәкен” атты онкүндік басталды
№ 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен “Сыр сандықтың сырын ашқан — Сәкен” тақырыбында онкүндік басталып кетті. Аталған пәні бірлестігінің мұғалімдері “Өлімге жан екенсің қимайтұғын…” деген тақырыпта Сәкен өмірінен сахналық қойылым қойды. Ашылу салтанаты “Әдеби қымызханамен” ұласып, ұстаздар мен оқушыларға “Тәтті сұрақтар”, “Қатты сұрақтар”, “ Майлы сұрақтар”, “ Жайлы сұрақтар” қойылып, дұрыс жауап бергендерге бауырсақ пен құрт, қазы, көже, қымыз, жент ұсынылды.
Іс — шарада қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мұғалімдері оқушылар мен ұстаздарға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар айтып, өлең шумақтарын оқып, әндерін орындады.
Сонымен қатар “Сәкен — жырдың сарқылмас дариясы” атты кітаптар көрмесі қойылды. Көрмеде ақынның «Тар жол, тайғақ кешу”, Жер қазғандар”, “Айша», “Аққудың айрылуы” еңбектері таныстырылды.

Пікір жазу