Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » “МӘҢГІЛІК ЕЛ- МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНКҮНДІК ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

“МӘҢГІЛІК ЕЛ- МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНКҮНДІК ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
“МӘҢГІЛІК ЕЛ- МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНКҮНДІК ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Ордабасы аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес аудан мектептерінде «Мәңгілік ел- мәртебелі тіл » тақырыбында өткізілген онкүндіктің қорытынды кеші болып өтті. Онда оқушыларымыз қазақ,орыс,ағылшын тілерінде ән-би, көрініс,хор, айтыс, күйлерін тарту етсе,өзге ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетті.
Кеш барысында Аманкелді, Ш.Уәлиханов, Бәйтерек, Темірлан, С.Нұрамағанбетов атындағы жалпы орта мектептерінің оқушыларының дайындығын ерекше айтуға болады. Сонымен қатар көркем сөз оқу, сурет, эссе, зерделеу жоба, көрме, әдеби кештерінің қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды.
Бұл шаралар осы онкүндік аясында ғана шектелмей әрі қарай жалғасын табады. Осындай іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға тілді ұлттық мұра ретінде сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін бойларына дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттырамыз.
ҚАДІРЛІ МАМАНДЫҚ ИЕСІ — ӘРІПТЕСТЕРІНЕ СЫЙЛЫ
Жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдап, өзіндік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды өмірлік ұстанымы санайтын Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылы «Мектеп Жана Икан» жалпы орта білім беру мекемесінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Надира Шерметова мектеп абыройын көтеріп жүрген жоғары санатты, ізденімпаз ұстаз!
Ол еңбек жолында бірқатар жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарды әсте қалт жіберген емес. Надира Шерметова 2023 жылы Қазақстанның педагогикалық академиясы мен «мектеп» республикалық ғылыми әдістемелік, педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік мұғалім» жобасында жұмысы үздік деп танылып, I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсаған еңбекқор Надира «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында шығармашылық жұмыс жүргізіп, жаңа технология әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді қолдана біледі. Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, үнемі жас мамандарға ақыл-кеңес беріп отырады. Кішіпейіл, қарапайым. Бес баланың аяулы анасы, сүйікті жар.
Надира Шерметова білімді де, білікті ұстаз. Олай деуіміздің тағы бір себебі, биыл ол жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері және шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігі мен біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін арнайы «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕНГЕН ЕГІЗ ҰСТАЗ
Жетісай ауданы Асық ата кенті, Ж.Ералиев елді мекенінде 1989 жылы дүниеге келген егіздер — Айман, Шолпан Ниязбековалар бүгінде ұлағатты ұстаздар! Егіздердің мамандық таңдауда ойлары да бір жерден шығыпты. Бүгінді екеуі де ұстаз деген құрметті атаққа кір келтірмей, абыроймен қызмет атқарып келеді.
Қазіргі таңда Айман Ырысқызы, Қазыбек би ауылындағы №17 «Түркістан» жалпы білім беретін мектебінде химия пәнінен сабақ береді. Өз пәнін жетік меңгерген ұстаз, химия пәнін үш тілде оқытады. Шәкірттері аудандық білім сайыстарында бірнеше рет жүлдегер атанған. А.Ниязбекованың «Химия сабағында оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға үйретудің теориялық-практикалық шарттары» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы жарық көрген. Ол аудандық семинарларда үздік ашық сабақтар өткізіп, пән апталықтарында әркез жаңаша әдіс-тәсілдермен сабақты түрлендіре өткізуді өзіне мақсат тұтқан, жаңашыл педагог! Ал, Шолпан Ырысқызы №17 И.Байзақов ЖББ мектепте химия және орыс тілі пән мұғалімі. Көп балалы ана. Шәкірттері облыстық сайыстарға қатысып, жүлдегер атанған. Ертеңгі мемлекеттің болмысы –ұстаздың бүгінгі тәлімінде -демекші, біз де осындай ұстаздарымызды әркез мақтан тұтамыз.
ШӘКІРТ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ
«Мектеп жаны — мұғалім» деп тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ұрпаққа білім беретін мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен дайындалуы тиіс. Қызметтік мансабын ауыл мектебінен бастаған 35 жылдық педагогикалық өтілі бар Жексенбаева Кулсан Конашқызы педагог-зерттеуші, облыстық пәндік олимпиадасының қазылар алқасының мүшесі, Мақтаарал ауданынының «Мырзакент» МГ-ның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Оқушыларды шығармашылықпен байланыстыра оқыту оқушылардың жеке дара қасиетін кеңейтеді. «Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек», деп ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов айтқандай, азаттық пен егемендікті ту етіп отырған жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейінде білім беріп отыр.
Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Кулсан Конашқызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырын шәкірт тәрбиелеп, оқыту ісіне арнады. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Кулсандай ұстаздың өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге!
«Мұғалім ретіндегі біздің бірінші міндетіміз-сапалы білім беру және оқушылардың сауатты, тәрбиелі болып қалыптасуына ықпал ету. Сондықтан, әр сабақта балалардың назарын аударуға, сабақты қызықты ету үшін әртүрлі әдістерді қолданады. Трендте, заманауи талаптарға сай болу үшін көбірек жаңа технологияларды қолдануда.
Сонымен қатар, кез-келген сабақта білімді шынайы өмірмен байланыстырып, оқушыларды қызықтыра білу керек», — дейді Кулсан Конашқызы.
Түркістан облысы білім басқармасының педагог әлеуетін дамыту бөлімінің және құқықтық актілерді сараптау және заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің мамандарының қатысуымен  Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандарында «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрықты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарына аталған аудандардың білім беру ұйымдарының мұғалімдері және білім бөлімінің мамандары қатыстырылды.

Пікір жазу