Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ОТАНЫМ-ЖҮРЕГІМДЕ» БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙМЫЗ

«ОТАНЫМ-ЖҮРЕГІМДЕ» БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙМЫЗ

Түркістан облысы білім басқармасы «Республика» күні қарсаңында облыс аумағында «Отаным-Жүрегімде» байқауы басталғанын хабарлайды. Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәлім алушылары қатыса алады.
Мақсаты: Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту, ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Қатысу ережесі: Қатысушылар Отан, Жер ана, Туған жер тақырыптарында мәнерлеп өлең оқып, талапқа сай бейне роликті өзінің Facebook парақшасына Түркістан облыстық білім басқармасының ресми парақшасын тектеп (Басқарманың Facebook парақшасы; «Түркістан Облысының Білім Басқармасы») және #ОтанымЖүрегімде хештегін белгілеп, басқарма тарапынан ұсынылған байқауға қатысатынын ескертуі шарт. Арнайы әзірленген бейне роликтерді қабылдау уақыты 20 қазаннан бастап 25 қазанға дейін жалғасады. 25 қазан күні сағат 21:00-де байқауға өтінім қабылдау тоқтайды. Қазан айының 30 жұлдызында байқау жеңімпаздары, анықталып, ресми түрде жарияланады. Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!
Байқау қортындысына сәйкес үздік 10 материал іріктеліп(6 мектеп оқушысы мен 4 колледж студенті) марапатталады.
Жеңімпаздарды арнайы шығармашалық топ анықтайды. Басты талап- өлеңді мәнерлеп оқуы, бейнероликтің сапасы, креативті идеяларына қарай бағаланады.
Бұл байқаудың маңызы зор, сондықтан өз Отаныңның, өз елінің патриоты екеніңді дәлелдеп, мүмкіндігіңді жіберіп алма!

Пікір жазу