«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» Облыстық байқауының аудандық кезеңі Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткізілді.
Байқау мақсаты — білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
Байқау бірнеше номинациялар бойынша өткізіліп оқушылар белсене қатысып, әр номинациядан үздік жұмыстар іріктелді.Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру бойынша (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер) байқауға қатысушылар: №3 Береке жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Турдыбай Жансая Кайратқызы І орын, №8 О.Бапышев атындағы ЖОМ 11 сынып оқушысы Есенбеков Ерсұлтан Ертайұлы ІІ орынға ие болды.
Су көлік саласындағы техникалық құрастыру бойынша (ауа жастықшалы кеме моделі, кеме, яхта, гидроплан, катер, қайық, тәжірибелік модельдер т.б.) №52 М.Ғабдуллин атындағы ЖОМ-нің 8 сынып оқушысы Азамадин Анес Ерболұлы І орынға ие болды.
Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы модельдер бойынша (ядролық энергетика және жылу физикасы; альтернативті және көміртекті емес энергетика; энергия үнемдеуші технологиялар; отын өндіру және өңдеу; радиоактивті қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу технологиясы т.б.) қатысушылар: №52 М.Ғабдуллин атындағы ЖОМ-нің 8 сынып оқушысы Пармонов Режеббек Кахрамонович І орын, №50 Үлгілі ЖОМ-нің 9 сынып оқушысы Уалихан Бекарыс ІІ орынға ие болды. Авиация саласындағы модельдер авиациялық техника әзірлеу саласындағы модельдер бойынша (ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшатын аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар т.б.) қатысушы №3 А.Пушкин атындағы ЖОМ-нің 9 сынып оқушысы Ешмахамбетов Толқын жүлделі І орынди иеленіп, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.