Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Келестік оқушы қамшы жасау өнерін меңгерген

Келестік оқушы қамшы жасау өнерін меңгерген

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
Келестік оқушы қамшы жасау өнерін меңгерген
Қамшы өнер туындысы, сый — сияпаттың төресі. Қилы- қилы замандар ағымында қамшы қазақтың керегесінен кетіп, ұмыт бола бастады. Атам қазақ қамшының қыр-сырына бесігінен қаныққан, кие-қасиетін ана сүтімен қатар сүйегіне сіңіріп өскен. Өкінішке қарай, қазіргі таңда қамшы өруді, қам¬шыгерлікті жас ұр¬паққа үйретіп, насихаттап, ерлік дәстүрімізді жалғап жүрген атакәсіп иелері некен-саяқ. Қысқасы, бүгінде қамшы өретіндер де санаулы.
Солардың бірі — қазақтың ұлттық өнерін жанына серік еткен келестік Жалғасбек Диас! Ол №1 О. Есімов атындағы мектептің 8 сынып оқушысы. Диас сабақтан тыс уақытында қамшы өреді.
– Қамшының сабынан өрімі қысқа түрлері де болады. Ерлерге арналған, әйелдерге арналған, балаларға, қарияларға арналған түрлері бар. Негізі 3 өрімнен 40 өрімге дейінгі қамшылар бар. Негізі қамшылар жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Оның әрқайсының атқаратын қызметі, мақсаты, мағынасы бар. Қамшы жасау оңай емес.Ұстазым әзірге 3,6,8 өрімдерді үйретті,-дейді жас еңбекқор Диас.
Диастың бұл өнерге ерекше қабілеті бар екенін алғаш байқаған ұстазы — Нурбол Муратаев. Мектеп мұғалімі бірнеше жылдан бері мектепте арнайы үйірме ашып талантты балаларға қолдау көрсетіп келеді.
Айта кету керек, биыл Диас оқитын мектеп 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Іргелі білім ордасы сан мыңдаған дарынды түлектерге білім берген.
Сайрамда ән байқауы ұйымдастырылды
Сайрам ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №7 Бабыр атындағы жалпы орта мектебінде аудандық «TuranBalaFest» үздік өнерпаздар телебайқауының «Эстрадалық вокал, ВИА және жеке орындаушылар» номинациясы бойынша ән байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу мен одан әрі дамытуда жүйелі және мақсатты қызмет, рухани, моральдық және мәдени құндылықтармен таныстыру.
Міндеттері: Ел ішінде талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, сахнада жеткіншектердің талабын қолдап, талантын ашу; Балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балалардың мәдени, рухани және шығармашылық тұрғыда өзін-өзі танытуға ықпал ету; Заманауи өнердегі халық дәстүрлерін сақтау; Балалардың патриоттық сезімін, ұлттық мәдениетті, халық дәстүрлерін құрметтеу.
Байқау қорытындысы бойынша №68 Сырым Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Усар Бекасыл облыстық кезеңге жолдама алды.
9 баланы тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстаз көпшілікті тәнті етті
Келес ауданы халық тығыз орналасқан аймақтардың бірі болғандықтан өңірде көп балалы отбасылар саны жыл сайын артуда. Осындай отбасының отағасы, тоғыз перзенттің әкесі Қалаубек Муслимов 22 жылдан бері балаларға үздіксіз білім беріп келеді. Игілік елдімекенінде орналасқан №10 «Игілік» жалпы білім беретін мектебінің ұжымы Қалаубек Ұлыбекұлын білікті маман ретінде ғана емес, отбасының тірегі болып отырған көп балалы әке ретінде таниды.
— Алты ұл, үш қызым бар. Тұңғышым Қарағанды қаласындағы Ішкі Істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында білім алса, кішкентайымыз бір жасар. Өзім Шымкент қаласында жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мектеп мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Содан бері ұстаздық жолды жалғастырып келемін. Қазіргі таңда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін де қоса атқарып жүрмін. Жалпы мектептерде ер мұғалімдер санын арттыру керек деп ойлаймын. Сондықтан шәкірттеріме де, әсіресе ұл балаларға ұстаздық жолды таңдауға кеңес беремін,-дейді тоғыз перзенттің әкесі.
Айта кету керек, Қалаубек Муслимовтың жұбайы да білім саласында еңбек етеді. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейтін Перизат Ыбракимқызы да жолдасына қашан да қолдау білдіріп отырады.
Түркістандық колледж студенті “AUTOCAMP” әмбебап автокөлігін құрастырды
Түркістан облысы Келес ауданындағы №13 колледж педагогы мен студенті автопикник жасап шығарды. Ерекшелігі, бұл автокөлік жанар-жағармайды көп қажет етпейді. Инновациялық шығармашылық жұмыс микроавтобустың негізінде жасалған.
Колледж студенті Бенкс Анарбайдың айтуынша көлік күн сәулесінен қуат алатын жарықтандыру құрылғыларымен жабдықталған.
«Бұл көлікті бірнеше мақсатта пайдалануға болады. Қазір бұл ол табиғат аясындағы демалыс үшін өте қолайлы. Шағын, ыңғайлы, онымен жүк және адам тасымалдауға болады. Сондай-ақ жүк салуға арналған бортына лайықталған үлкен үстелі мен орындықтары, тіпті шатыры да бар. Оларды қажет кезде құрып, кейін қайта жинап тастауға болады. Демалысқа арналған бұл көлігіміз сәтті шықты», — дейді жоба авторы.
Темір тұлпар қараңғы уақытта күннен жинақтаған жарық арқылы қуатталады.
“Жол ережесін сақтайық!” бағытында танымдық сабақтар жүргізілді
Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты «Оқу-өндірістік комбинат» КММ-де АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Әлі Ерлан Рәббіұлының қатысуымен оқушылардың жеке бас қауіпсіздігі, жолда жүру ережесін қадағалауы, жаяу жүргіншінің жолда жүру ережесімен таныстыру т.б. мақсатында кәсіби білім алатын жалпы орта мектептердің 9 сынып оқушыларына «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты тақырып аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Созақта бастауыш сыныптарға арналған оқу сағаты ұйымдастырылды
Созақ ауданы, Қ.Кемелұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ізгілікке қалам тартқан… жас ғұмыр» тақырыбында 4-9 сынып оқушыларымен «Кітап — өмір айнасы» атты оқу сағаты ұйымдастырылды.
Мақсат — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Аталған оқу сағаты барысында оқушылар екі топқа бөліну арқылы түрлі сұрақтарға жауап берді. Және де сурет арқылы мәтін құрап, мақал-мәтел, жаңылтпаш айтып, ерекше белсенділік таныта білді.
Жетісайда жаңа мектеп ашылды
Жетісай ауданы, «Атамекен» ауылдық округі, Баянды ауылында бүгін су жаңа мектеп ашылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Кенжеханұлы Ермек жаңадан бой көтерген білім шаңырағының ашылуымен құттықтай келе, өлкеміздегі жас ұрпақтың жан-жақты білім алуына деген қамқорлықтың арқасында бой көтерген жаңа мектеп білімді де, білікті жас ұрпақтың қанатын қатайтып, ел болашағының іргесін берік етуге үлес қосатынына үлкен сенімін білдірді.
Осынау көркем мектеп ғимаратының тұрғызылуына тікелей басшылық жасап, елдің ерекше қуанышқа кенелген күніне тілек қосып облыс, аудан басшылары арнайы қатысты. Қазақстан Әнұраны орындалып, «Шаттық» би тобы және Құрманбай Данияр «Мен қазақтың баласы» әнін шырқап, өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара барысында 98 жастағы Ілияс ақсақал, Ел игілігіне берілгелі тұрған жаңа мектеп ғимаратына жиналған бүлдіршіндерге ақ батасын беріп, салтанатты шараның лентасын қиды.
Оқушыларға қауіпсіздік үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Отырар ауданында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Түркістан облысы білім басқармасының 19.09.2023 жылы №42-01-11/7042 хатына сәйкес, оқу-жаттығулар шеңберінде Білім беру обьектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру мақсатында мектеп персоналына және оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Майлыбеков Досжан, төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенаты Нұрман Оңалбай, төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Айтбек Жақсыбек, Отырар аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Әметхан Еркебұлан тарапынан жүргізілді.
Түсіндіру барысында алғаш әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, тәртіптік режим ережелері, техникалық, адам денсаулығына зиян келтіретін түрлі жарылғыш заттар жайында баяндалды.

Пікір жазу