Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Ордабасылықтар өнертапқыштар байқауында оза шапты

Ордабасылықтар өнертапқыштар байқауында оза шапты

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
Ордабасылықтар өнертапқыштар байқауында оза шапты
Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №70 санды бұйрығына сәйкес,  Түркістан қаласы, «Төлеби атындағы №19 жалпы орта мектебінде Республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңінде ордабасылықтар толағай жетістіктерге жетті.
Атап айтсақ, «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар» бағыты бойынша «Бөген» жом оқушылары Жаннұр Жақыпқызы, Бірғаным Байдалы «Күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы» атты командалық жұмыспен — І орын; «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру» бағыты бойынша Б.Төлепбаев жом. оқушысы Інжу Садыр «Ауылшаруашылығы-экономика бастауы» — ІІ орын; «Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар» бағыты бойынша «Зерде» жом. оқушысы Жаңыл Босимбекова «Ғарыштық аппараттар және ракета» жұмысымен — ІІ орын; «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар» бағыты бойынша Қ.Сәтбаев жом. оқушысы Мерей Дүйсенхан «Сезімталдығы жоғары үй» жұмысымен — ІІ орын; Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» бағыты бойынша «Төрткүл» жом оқушысы Айтуар Сүндетәліұлы «Ақылды сөмке» жұмысымен ІІІ — орынға ие болды.
Созақта “Тәрбиелі жастар- қауіпсіз қоғам” атты форум өтті
Созақ ауданында оқушылардың қатысуымен «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Қ.Оразов арнайы сөз сөйлеп, жастардың қоғамдағы орнының маңыздылығына айрықша тоқталып өтті.
Сонымен қатар, шараға арнайы қатысқан аудан прокуроры Е.Қожабеков, аудандық мәслихаттың төрағасы О.Жәмиев жалынды жастарға деген ізгі тілектерін арнады. Аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Е.Нұрғазиев қоғамдық тәртіптің жай-күйі және полиция жұмысы туралы баяндама жасап, жол қауіпсіздігін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, мектептерде құқық қорғау, төтенше жағдайлар, медицина, психолог мамандардың қатысуымен кездесулердің тұрақты өтіп жатқандығынан құлағдар етті.
Сондай-ақ ел мақтанышына айналған, жастарға үлгі-өнеге болып жүрген спортшыларымыз ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақып және спорттың бірнеше түрінен спорт шебері атанып, халықаралық жарыстарда биік белестерден көрініп жүрген Акбар Елубайұлы жастарды білімге құштар болуға, спортпен шұғылдануға, руханият орталығының мәртебесіне лайықты, өнегелі болуға шақырды.
Айта кетейік, аталған форумның басты мақсаты — оқушылар арасында құқық бұзушылық профилактикасы, жазатайым оқиғалар және өзге де өзекті мәселерді болдырмау, олардың алдын алу.
Республикалық суретшілер байқауында түркістандық оқушылар І орын алды
Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлының қолдауымен білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауы өтті.
Өскемен қаласында өткен бұл байқауда (10-13 жас) «Сюжеттік композиция» номинациясы бойынша Кентау қаласындағы «Оқушылар үйінің» оқушысы Оразбек Гүлсезім жүлделі І орынды жеңіп алды.
Жалпы облыстан қатысқан 7 жас суретшіге республикалық байқауға қатысқаны үшін арнайы сертификаттар табысталды.
“Кескіндеме және сәндік жұмыстар” бойынша халықаралық чемпионатқа іріктеу өтті
Түркістан облысындағы жетекші колледждердің бірегейі Кентау көпсалалы колледж базасында Іріктеу және дайындық жұмыстарына Халықаралық сарапшы, Кентау көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы Д.Анарбаева және аға шебері М.Тәліпхан «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2019» IV Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатының алтын медаль иегері, «WORLDSKILLS EURASIA 2020-2021» таратылған чемпионатының қола жүлдегері жетекшілік жасады.
«Кескіндеме және сәндік жұмыстар» бойынша Халықаралық чемпионатқа іріктеуге Worldskills — 2022 Республикалық чемпионатта І орынды жеңіп алған (Кентау көпсалалы колледжінің түлегі) бүгінде Көкшетау қаласындағы құрылыс — технологиялық колледжінің студенті Алина Карюкина және ІІ орын иегері, Алматы құрылыс-техникалық коллежінің студенті Санжар Бекмұхан қатысты. Олар 48 күн ішінде 24 оқу-жаттығудан туратын тапсырманы орындады. Іріктеуден Көкшетау қаласындағы құрылыс — технологиялық колледжінің студенті Алина Карюкина өтіп, қыркүйек айында Гданьск қаласында өткен EUROSKILLS GDANSK — 2023 чемпионатына жолдама алды.
Польшаның Гданьск қаласында 5-9 қыркүйек аралығында өткен сегізінші Еуропа чемпионаты EuroSkills GDANSK — 2023 халықаралық чемпионатына Қазақстан құрама командасы 25 кұзыреттілік бойынша сайыска түсті. Құрамаға 28 қатысушы мен 25 халықаралық сарапшы кірді.Жарысқа 32 елден 25 жасқа дейінгі 600 білікті жас маман қатысты. Бұл чемпионат жастар үшін Еуропадағы ең ауқымды кәсіби шеберлік жарысы. Қазақстан ұлттық құрама командасы EuroSkills Gdańsk 2023 Еуропа чемпионатында 2 медаль мен 4 медальон жеңіп алды!
Сауранда “Басты міндет-бала қауіпсіздігі” атты іс-шара ұйымдастырылды
Сауран ауданының білім бөліміне қарасты 36 білім беру ұйымдарында
бұқаралық ақпарат құралдарымен әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсу фактілерін, ата-аналардың жауапкершілгі мен балаларға бақылауды күшейту мақсатында жиналыс өтті. Жиынға 7500 жоғары сынып оқушылары мен 4 мыңға жуық ата-ана қатысты.
Күн тәртібінде «Құқықбұзушылықтың алдын алу барысында оқушының бос уақытын тиімді пайдалануын қадағалау», «Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында жасалынған келісім шарттың мазмұнымен ата-аналар толықтай таныстырылды.
“Дені сау ұрпақ- ел болашағы” атты шара өтті
Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты С. Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде бүгін «Зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін кері әсері» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсат — зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін кері әсерін түсіндіру, психологиялық көмек көрсету, репродуктивті денсаулық сақтау және жас ұрпақтың жауапсыз мінез-құлқының қаупі туралы ақпараттандыру. Жас өспірімдерді салауатты өмір салтына бейімдеп,
Іс-шараға аудандық білім бөлімінен әдіскер Г.Досқара, аудандық әкелер мектебінің төрағасының орынбасары А.Қожагелдиев, Бадам ауылдық емхана фельдшері Ж.Сопбекова, Ордабасы АПБ ЖПК УПИ полиция майоры Е.Сухановтың қатысуымен өтті.
Сонымен қатар,»Жас өспірімдердің психикасы мен тәрбиесіне зиянды әдеттердің әсері» тақырыбында педагог-психолог Лаура Нұрбаева мен сынып жетекші Айгүл Сұлтанмұрат ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекші Куленов Сұлтанбек әкелерді қонаққа шақырып «Әке көрген — оқ жонар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізсе, «Зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін әсері» тақырыбында мектеп медбикесі М.Туребаева мен биология пәнінің мұғалімі С.Тұрдықұл, осы тақырыпқа байланысты қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Қожасейітова, 8 сынып оқушыларына Эссе жаздырды. Еңбек пәнінің мұғалімі А.Тұрсынай 8 сынып оқушылармен сурет салу айдарын жүргізді.
Қорытындылай келе, мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Өміріміздегі ең жарқын жастық шақтарында дендеріңнің саулығына бүгіннен бастап қамқор болыңдар!», «Жастық шақтың тамырына балта шабылмасын!», «ХХІ ғасырдың азаматтары, ғаламдық дертке жол бермейік!», деген сынды денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған кеңестер іс-шара маңызын арттыра түсті.

Пікір жазу